object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 06:51:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған семинар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Экономикалық теорияның ғылыми-әдістемелік мәселелері: теория және практика» тақырыбында семинар өтті.

Тарих ғылымдарының кандидаты, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Серікжан Исмаилов «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: мәселелері мен даму болашағы» атты баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында Қазақстан егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен еліміздің одан әрі дамуының басым бағыттарына тоқталды.

Экономика ғылымдарының докторы, экономика және қаржы кафедрасының профессоры Сансызбай Жиентаев «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Ретроспективті талдау» атты баяндамасында Желтоқсан оқиғасының тоталитарлық жүйенің ыдырауына, Қазақстанның тәуелсіздігіне алып келген үлкен толқын екенін тілге тиек етті.

Екі баяндама да мазмұнды болды, оларда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының өзекті, қызықты мәселелері қозғалды.

Қабылдау комиссиясы