object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-25 11:48:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Педагог-психолог студенттерге арналған арт-терапия

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Динара Тойымбетова мен Анар Мақанова «Метафоралық ассоциативті карталар аутодеструктивті мінез-құлықты диагностикалау және түзету құралы ретінде» атты семинар-практикум өткізді. Практикум ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Бала жылы» аясында жоспарланған аймақтық іс-шаралар цикліне енгізілген және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталды.

Семинар «Педагогика және психология» кафедрасының филиалы базасы – «Эмпатия» психологиялық орталығының қабырғасында өтті. Офлайн режимде өткен шараға болашақ педагог-психологтар, 6В01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері және кафедра оқытушылары қатысты.

Теориялық оқу блогын психология кафедрасының оқытушылары Динара Тойымбетова мен Анар Маканова жүргізді. Семинардың практикалық бөлімінде «Эмпатия» психологиялық орталығының жетекшісі, сертификатталған арт-терапевт, гипнотерапевт Гаухар Молдахметова Метафоралық ассоциативті карталарды (МАК) пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында студенттерге жасөспірімдер мен балалардағы әртүрлі деструкцияларды диагностикалау мен түзетудің тиімді құралы ретінде МАК-ты қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ метафоралық ассоциативті карталарды қолданудың теориялық негіздері ғана емес, сонымен қатар дағдарыс жағдайында жасөспірімдер мен балалармен жұмыс жасауда МАК-ты қолданудың практикалық әдістері, тұлғаның эмоционалды-еріктік, әлеуметтік-психологиялық салаларындағы проблемаларды анықтауға арналған авторлық бағдарламалар мен диагностикалық құралдар ұсынылды. Семинардағы екі күндік жұмыс өте мазмұнды өтті.

Қабылдау комиссиясы