object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 08:01:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Деректі фильмдер фестивалі

21-25 ақпан аралығында Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы онлайн режимде республикалық «Высокое небо …» деректі фильмдер фестивалін өткізеді. Фестиваль аясында студенттер арасында қысқаметражды деректі фильмдер байқауы, тәжірибелі режиссерлер мен журналистердің шеберлік сабақтары өтеді, «Кино және ғылым» пәнаралық сессиясында баяндамалар оқылады және конкурстық жұмыстар ашық талқыланатын болады.

Фестивальдің өтетін күндері конкурсқа қатысушылардың фильмдеріне сілтемелер кафедраның @zhurnalistykru Instagram парақшасында жаңартылып отырады.

Фестивальға төрт ЖОО-ы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰАИ және Лисаков техникалық колледжі қатысты. Барлығы 10 жұмыс. Фестиваль жеңімпазын режиссерлер мен кино және медиа зерттеушілері Әсия Байғожина, Әсима Ишанова, Александр Пронин, Алмас Әбдіков, Евгений Лумпов, Ирина Грибовская және Алматай Жүсіпова таңдайды.Фестивальдің атауы ұшқыш Талғат Бигелдинов туралы «Талғаттың биік аспаны» картинасын түсірген қазақстандық кинорежиссер Ораз Әбішевті еске алу мақсатында таңдалды.

Фестиваль «Журналистика және коммуникация менеджменті» кафедрасының докторанты Айнұр Сүлейменованың «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректі фильмді трансформациялау: мультимедиялық техника және жанр типологиясы» атты ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында ұйымдастырылды. 

Қабылдау комиссиясы