Skip to content

Қазақстандық жастардың отбасылық құндылықтарының дамуы мен мәдениеті

Отбасы, оның формалары мен функциялары қоғамның мәдени даму деңгейіне тікелей байланысты. Қоғамның мәдениеті неғұрлым жоғары болса, отбасының мәдениеті де соғұрлым жоғары болады. Ө. Сұлтанғазин атындаы педагогикалық институтында «7М01101- Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистранттарына осы кешенді мәселені қарастыру мақсатында «Қазақстандық жастардың отбасылық құндылықтарының дамуы мен мәдениеті» атты коуч-семинар өткізілді.

Семинар соңында «Отбасылық құндылықтар» атты коуч-тренинг өткізілді. Іс-шараның модераторлары Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары: Римма Бектұрғанова - педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Ризабек Назмутдинов - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор; Анар Маканова - психология магистрі, аға оқытушы. Практикалық психологтар Ирина Марченко мен Махаббат Сейткенова коуч-тренинг өткізді. Семинар мен тренингке қатысушылар оның танымдық құндылығын, уақыт талабына сай екендігін атап өтті.

Call center - 8 (7142) 93-10-10