object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-15 02:28:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

МАЗМҰНДЫ тапсырмалар

Baitursynuly University студенттері ерекше психологиялық зерттеуге қатысуда.

ҚӨУ-де жаңа бағдарлама – «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микроквалификациясы басталды. Бұл бағдарлама студенттерге экономикалық тергеу саласына қажет білім мен дағдылар береді. Жобаны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы ұсынды.

Бағдарламаға экономика және құқық факультетінің 3-4 курсында оқитын 16 студент қатысуда. Олар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен кәсіби бағытты үйреніп, кейін экономикалық тергеу қызметтерінде тәжірибеден өтіп көруге мүмкіндік алады.

Бұл – пилоттық жоба, оны ҚӨУ Қостанай облысының Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Бүгін студенттер психологиялық диагностиканың бірінші кезеңінен өтті. Бұл кезең олардың жеке қасиеттерін, стресс жағдайында өзін ұстауын және мамандыққа дайындығын анықтауға бағытталған.

Негізгі әдістердің бірі – Кэттеллдің 16 факторлы тұлғалық тесті (16PF). Бұл тест арқылы:

Сонымен қатар шығармашылық тапсырма – «Жоқ жануарды суреттеу» жұмысы жүргізілді. Бұл әдіс адамның тереңдегі ойы мен сезімін көрсететін проективті тәсіл.

Бұл әдіс арқылы психолог:

Бұндай тапсырмалар психологқа студенттің жеке ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Психодиагностика бір күнде бітпейді. Тест кезеңдері бірнеше күнге бөлінген, себебі қатысушылардың шаршап қалмауы, нәтиженің мүмкіндігінше дәл шығуы маңызды.

Бұл – халықаралық стандарттарға сай тәсіл.

Зерттеуді ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының әдіскері Дархан Мустафинов жүргізіп жатыр. Оған ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің кадрлық жұмыс департаментінің психолог-полиграфологы, ЭТҚ майоры Мақпал Ондасынова қолдау көрсетуде.

– Жиналған мәліметтер негізінде біз әр студенттің психологиялық портретін жасаймыз. Бұл олардың мықты жақтарын, кәсіби әлеуетін және жеке ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі, – дейді Дархан Мустафинов.

Жобаға психология мамандығындағының магистрант, бакалавр студенттері де қосылды. Олар үшін бұл – нақты жұмыс жағдайында тәжірибе жинайтын тамаша мүмкіндік.

Осылайша Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы жобаның толыққанды практикалық базасына айналып отыр.

Қабылдау комиссиясы