object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 06:42:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Университетте ASHYQ жүйесі іске қосылады

Құрметті студенттер, әріптестер!

Сіздерге коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алуға байланысты енгізілген жаңашылдықтар туралы хабарлаймыз.

2021 жылдың 31 мамырынан бастап (дүйсенбі) А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не кіру ASHYQ мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады.

ASHYQ – вирустың таралу қаупін және инфекцияға әкелетін байланыс санын азайтады.

Университетке келер алдында не істеу керек:

1.    ASHYQ» қосымшасын жүктеу

2.     Тіркелу

3.    Университеттің кіреберісінде ілінген QR кодты сканерлеу

4.    Мәртебеңізді тексерушіге (қауіпсіздік қызметіне) көрсетесіз. (қызыл, сары, көк, жасыл түстер).

Сіз қосымшаны Google Play Store және App Store-дан жүктей аласыз. Сізге ыңғайлы болу үшін біз каруселге QR кодтарды салдық.

Мәртебелердің қандай түрлері бар және олар нені білдіреді:

Жасыл түс - қозғалысқа шектеу жоқ, ПТР міндетті болып табылатын орындар үшін міндетті;

Көк түс - ПТР анықтамасын көрсету міндетті болып табылатын орындарға ғана кіре алмайсыз, басқа жерлерге кіруге рұқсат;

Сары түс - қолданушы ПТР деректер базасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілгендіктен кейбір орындарға кіруге рұқсат жоқ;

Қызыл түс – қозғалысқа шектеу қойылады, амбулаторлық бақылауда тұрған адамдар үшін оқшаулаудың қатаң режимін сақтау (мекемелерге кіруге тыйым салынады).

Қабылдау комиссиясы