object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 18:02:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Талапкерлермен байланыстың жаңа форматы

Бүгін ҚМУ ректорының облыс мектептерінің оқушыларымен, олардың ата-аналарымен онлайн-кездесуі өтті. Осы кездесуге аудиторияны тарту үшін біз TrueConf платформаларын, Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарын қолдандық. Бұл бір уақытта облыстың түкпір-түкпірінен қосылған 150-ден астам үміткерлерді қамтуға мүмкіндік берді.

Қазір мектеп бітіруші түлектерді университетке түсу, мамандық таңдау мәселесі алаңдататыны белгілі. Әсіресе, бүгінгі таңда, себебі карантин жағдайында өтініш беру қалай болады, жоғары оқу орындарына қабылдау ережелері қандай, гранттар алу шарттары қандай деген сауалдар биылғы түлектерді толғандырады. Осындай мәтіндегі 100-ге тарта сұрақтар қойылды.

Онлайн-кездесу басында А№Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Алма Дощанова оқушыларды университеттің мүмкіндіктерімен, тарихымен таныстырды. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы, студенттерді әлеуметтік қорғау, гранттар мен жеңілдіктер туралы айтты.

Елімізде орын алған төтенше жағдайда университет талапкерлермен жұмыс істеудің жаңа форматтарын іздейді, өйткені ашық диалогтың арқасында үміткерлер оқу ордасы жайлы толыққанды ақпарат ала алады.

Қабылдау комиссиясының жұмысы туралы сұрақтарға кәсіптік бағдар беру және тестілеу бөлімінің бастығы Арман Бекмағамбетов жауап берді. Барлық егжей-тегжейлі ақпарат университеттің ksu.edu.kz сайтында және әлеуметтік желілерде бар.

Бүгінгі өткен онлайн форматтағы мектеп оқушыларымен кездесу - алғашқы тәжірибе, енді мектеп оқушыларымен тікелей байланыс орнату дәстүрге айналады. Алдағы кездесулерге университеттің білім беру бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат бере алатын оқу бөлімдерінің басшылары мен кафедра меңгерушілері шақырылатын болады.

Қабылдау комиссиясы