object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-28 16:26:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Облыс орталығында Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші өтті

«Жастар сарайы» ғимаратында ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, оқу ордамыздың профессоры Ақылбек Шаяхметтің 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті. Қаламгерді құттықтап, еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі қоғам қайраткерлері келді. Алғашқы болып ақынды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов құттықтады. Ол мерейтой иесіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің Алғыс хатын табыстады, иығына шапан жапты. Сонымен қатар Ақылбек Шаяхметке Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та жылы лебізін арнапты. Алыстан ат терлетіп келген қонақтардың қатарында ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ақын Қасымхан Бегманов, ақын, аудармашы Әбжан Әбілтай болды.

Бұл күні мерейтой иесінің сөзіне жазылған әсем ән, жүрек жарды ақ тілектер айтылды. Ақылбек аға өзі де жаңа туындыларынан, алғаш жазған өлеңдерінен үзінді оқып, өнерсүйер қауымды шексіз қуантты.

Қабылдау комиссиясы