object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 12:50:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Атамекен» ҰКП-ның рейтингі бойынша ҚӨУ-і үздіктер қатарында

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингін қорытындылады. ҰКП 2018 жылдан бастап білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Рейтинг мына критерийлер бойынша жүргізіледі:

Сапасы сарапқа салынған А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 42 білім беру бағдарламасының ішінен 16 ББ үздік үштікке енді. Жеңімпаздар тізімі төмендегі суретте:

 

27 білім беру бағдарламасы 10 үздік бағдарламаға енді, ал 22 ББ өткен жылмен салыстырғанда өз позицияларын айтарлықтай жақсартты.

Рейтинг қорытындысы ЖОО-да жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Осылайша, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті бірнеше жылдан бері Қазақстандағы үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының ондығына еніп, еліміздің ірі өңірлік университеттерінің бірі екенін растап келеді.

Қабылдау комиссиясы