object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 14:02:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Ақпараттық сауаттылық

Жуырда аймақаралық дебат ойындары өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстанның ЖОО-ы. Бұл қатарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік универсиеті де бар.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан мектеп оқушылары мен студенттер медиасауаттылық бойынша дәлелді пікірлерін қорғап, еліміздегі ақпараттық сауаттылықты дамытуға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсете білді. Жалпы «Медианы таны» жобасын іске асыру барысында өткізген онлайн және жүзбе-жүз кездесулерге 600-ден астам жастар қызығушылық танытып, тең жартысы 7-11 маусым аралығында өткен арнайы тренингтерімізге қатысқан болатын. Ал осы демалыс күндері мектеп оқушылары мен студенттер лигалары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілінде ойындар өтті. Іс-шараның мақсаты – дебат арқылы жастардың медиасауаттылық жайлы білімдерін арттыру. Спикерлер мен қатысушылардың дайындық деңгейі жақсы. Бұл бағыттағы іс-шаралар әлі де жалғасатын таппақ.

Қабылдау комиссиясы