Skip to content

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Талапкерге

А. Байтурсынов атындағы ҚӨУ қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері 

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту жүзеге асырылады

  • техникалық және кәсіптік білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, ұзақтығы 3 жыл;
  • жоғары білім негізінде, ұзақтығы 2 жыл;
  • негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес арнайы білім қажеттіліктері бар тұлғалар үшін (оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектерге), ұзақтығы 4 жыл.

2019 және 2020 жылдары оқуға қабылданған 2 және 3 курс студенттері үшін оқу уақытының негізгі бөлігі университеттің қашықтықтан оқыту порталында md.ksu.edu.kz өтеді

1 курс студенттері үшін оқу жоспарында қарастырылған уақыттың 80% дәстүрлі білім беруге және 20% қашықтықтан оқытуға арналған. 

  1. Оқу жылы семестрлерден тұрады. Семестр ұзақтығы 15 оқу аптасы:
  • дәрістер онлайн режимінде - Zoom, Etutorium, BBB платформаларында (кесте бойынша);
  • тәжірибелік және зертханалық сабақтардың бөлігі - университет аудиторияларында (кесте бойынша: бейсенбі, жұма - кешке, сенбі - түске дейін);
  • тәжірибелік және зертханалық сабақтардың бөлігі, сонымен қатар бақылау тапсырмаларын орындау– Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде жүйеге кіру тәулік бойы қолжетімді).

15-ші аптада әрбір пән бойынша семестрлік рейтинг қорытындыланады. Рейтинг 50 балл немесе одан жоғары болса, студент емтиханға жіберіледі, 50 баллдан төмен болса, емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді.

Оқу уақытының 20% қашықтықтан оқытуға арналғанда, студенттер:

  • Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіндегі пәндерді меңгереді;
  • тесттік сауалнамаларды, бақылау тапсырмаларды орындап, оларды оқытушыға тексеру үшін Moodle жүйесіне жібереді выполняют тестовые опросы, контрольные задания и отправляют их на проверку преподавателям в Moodle;
  • оқутышылардың орындалған тапсырмаларға қойған бағаларын және жазған пікірлерін қарай алады;
  • он-лайн дәрістерге қатысады (вебинарлар мен веб-конференцияларға), пәндерді меңгерудің барлық кезеңінде оқытушыдан он-лайн кеңес алады.

2022-2023 оқу жылының 1 курс студенттеріне арналған сессия дәстүрлі форматта университет аудиторияларында өтеді.

2022-2023 оқу жылының 2 және 3 курс студенттері үшін емтихан тапсыру кезеңінде университеттің аудиториялық қорының толтырылуын азайту және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сессияға қашықтықтан рұқсат етіледі.

Оқу аяқталғаннан кейін университетте қорытынды мемлекеттік аттестация өткізіледі - студенттер мемлекеттік емтихан тапсырады және дипломдық жұмыстарын тек университеттің аудиторияларында дәстүрлі режимде қорғайды..

Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі, вебинарлар, ішкісеместрлік аттестациялар, емтихандар, жазғы семестр және өндірістік тәжірибе туралы толық ақпаратты бекіту аптасында білетін боласыздар.