Skip to content

Көктемгі семестрдегі оқу процесі

Құрметті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары!

Бұл парақтан сіз біздің университетте 2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығындағы оқыту форматы туралы қажетті ақпаратты таба аласыз

Онлайн кездесулер

08.01.2021

2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығындағы оқу процесін ұйымдастыру туралы

Презентацияны жүктеу

Мәтінді жүктеу

Ағымдағы оқу жылының екінші семестріндегі оқудың алгоритмі:
  • Дайындық бағытына қарамастан, 2 семестрден бастап барлық 1 курс студенттерін оқыту аралас форматта жүзеге асырылады.
  • Аралас оқыту форматы дәстүрлі аудиториялық оқыту мен қашықтықтан оқыту элементтерімен үйлеседі.
  • Дайындық бағытына байланысты 2-4 курс үшін оқыту 2 форматта жүргізіледі: аралас оқыту немесе толық қашықтықтан оқыту.
Әрине, карантин жағдайындағы аралас оқыту кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың маңызды басты қағидалары – әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және бетперде режимін сақтау.