Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі(контуры)
Width - түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды
қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue,
clMaroon, clNavy clSilver, clAqua,
clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style - аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid - біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін
TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы
жалпы жағдайда мынадай түрде болады:
Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);
Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;
Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,
PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y
, ‘Руб’);
Жазулар
(TLabel)
Берілген компонент басқа компоненттер үшін жазуларды шығарып, барлық мысалдарда қолданылады. TLabel компонентінің негізгі қасиеттері:
Қасиет |
Мазмұны |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Name |
Компоненттің
аты. Программада компонентке және оның қасиетіне қол
жеткізу үшін қолданылады. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Caption |
Бейнеленетін
мәтін |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Font |
Мәтінді
бейнелеу үшін қолданылатын шрифт |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
ParentFont |
Компонент
жатқан форманың шрифтінің характеристикаларынын компонентті
мұра ететін белгісі. Егер қасиеттің мәні True-ге тең
болса, онда мәтін форма үшін орнатылған шрифт арқылы
шығады. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
AutoSize |
Өрістің өлшемі оның ішіндегімен анықталатынының
белгісі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Left |
Өрісті шығарудың
сол жақ шегінен форманың сол жақ шегіне дейінгі арақашықтық
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Top |
Өрісті шығарудың жоғарғы шегінен форманың жоғарғы
шегіне дейінгі арақашықтық |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Height |
Өрісті шығарудың биіктігі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Width |
Өрісті шығарудың
ені |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Wordwrap |
Жолға
сыймайтын сөз автоматты түрде келесі долға ауысатының
белгісі Жазулар (TLabel) Берілген компонент басқа компоненттер үшін жазуларды шығарып, барлық мысалдарда қолданылады. TLabel компонентінің негізгі қасиеттері:
Жаңа ұсыныс құрыңыз. Формада бір
TLabel Label1 компонентінің Font қасиетінен екі рет шертіп,
содан соң шрифттің қасиетінің терезесі ашылады.
Шрифты үлкейтіп, түсін аққа өзгертіңіз. Енді компоненттің Left и Top қасиеттерінің
мәндерін еске сақтаңыз, біздің жағдайымызда ол
16 және 16. Бұл компонентті айырбастау буферіне (меню
Edit->Copy) көшіріңіз. Label1 компонентінен
бөлінуін алып тастау үшін формадан шертіңіз. Енді
компоненттің (меню Edit->Paste) копиясын қойыңыз. Delphi
бірінші компоненттің копиясы болатын жаңа Label2 компонентін
құрайды. Жаңа компонентті таңдап, екінші компонент
біріншіге қарағанда кішкене жоғарыға жылжып
тұру үшін Left және Top қасиетін 18 және 18 –
ге өзгертіңіз. Font қасиетінен екі рет
шертіңіз, түсін көкке өзгертіңіз, дәл
солай Transparent –ті (мөлдір) true-ге өзгертіңіз.
|
|