... Қазақ тілі... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді... қысыл таяң жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға, қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге міндет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.... Бауыржан Момышұлы
      Тұрақты сөз тіркестері – сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
      Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Неше сөзден тұрса да, тұрақты сөз тіркесі бір ғана мағынаны береді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді.
      Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнына уыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей дегентұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығыболады:
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ |
---|
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейді. |
2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады. |
3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады |
1 Мәтінді оқыңыз.
Кәсіби тілдік термин жүйесі-бұл жалпы қолданысқа енбеген адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылатын сөздер мен сөзтіркестері. Кәсіпқойлықтар әртүрлі өндірістік процестерді, өндіріс құралдарын, шикізатты, алынған өнімді және т.б. белгілеуге қызмет етеді. Арнайы ұғымдардың ресми ғылыми атаулары болып табылатын терминдерден айырмашылығы, кәсібилік қатаң ғылыми сипатқа ие емес "жартылай ресми" сөздер ретінде қабылданады. Мысалы, полиграфистердің ауызша сөйлеуінде кәсібилік бар: соңы – "кітаптың соңындағы графикалық безендіру", антенна – "ортасында қалыңдатылған соңы", құйрығы – "беттің төменгі сыртқы жиегі, сондай-ақ кітаптың басына қарама-қарсы кітаптың төменгі шеті". Кәсіби лексика құрамында қолдану саласы бойынша әртүрлі сөздер топтарын бөліп көрсетуге болады: кәсіпқойлықтар (спортшылардың, кеншілердің, аңшылардың, балықшылардың және т. б. сөйлеуінде қолданылады). Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Қазақ тіліндегі термин сөздер. Термин – сөздер дегеніміз ғылым мен техника, өнер т.б. салаларда келетін сөздер атауы. Ғылым мен техника салаларының дамуына байланысты түрлі жаңа сөздер туындайды, ғылыми тіл қалыптасады.Тілдердің терминологиясын белгілі бір сала бойынша терминдер қалыптастырады. Яғни кез келген ғылым саласын игеру үшін осы салаға қатысты терминдер түзіледі. Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер ретінде тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы сияқты сөздерді айтуға болады.
Белгілі бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз.Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы,
су (вода); ауа (воздух), жер (земля), күн (солнце), ел (страна), ақыл (ум), қала (город), көше (улица), көрші (сосед), отыр (сядь, садись), тұр (вставай), бер (дай), сөйле (говори).
Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.
Термин сөздер – ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде термин сөздер 2 түрлі жолмен жасалған:
Баламасы бар терминдер:
1) жергілікті және көне сөздер- ден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөз- дерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұ- жат т.б.
Қазақ тілнде баламасы жоқ терминдер:
2) коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.
Жасалу жолдары:
3) тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.
4) Қазақ тілінен балама табу арқылы: кеден – таможня, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, хаттама – протокол, ғарыш
– космос.
Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады.
Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: әнұран – гимн, төлқұжат – паспорт, әуежай – аэропорт, елтаңба – герб т.б.
Қысқарту тәсілі негізінде жасалады: БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралы) – СМИ (Средства массовой информации), ЖОО (Жоға- ры оқу орны) – ВУЗ (Высшее учебное заведение), ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тест) – ЕНТ(Единый национальный тест).
Ғылым салалары терминдері:
1) Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метони- мия т.б.
2) Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б.
3) Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
4) Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер т.б.
5) География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта т.б.
2 Ойтүрткі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
- Кәсіби тілдің ерекшеліктері қандай?
- Неліктен жұмыста кәсіби тілдік терминжүйесін қолданады?
- Қазақ тілінде термин сөздер неше түрлі жолмен жасалады?
- Кәсіби тілдік терминжүйесінің басқа терминдерден айырмашылығы неде?
2-тапсырма.Мәтінді оқып, калька тәсілі арқылы аудармасы қалыптасқан лексикамен танысыңыз. Аударма арқылы қалыптасқан лексикаға өз пікіріңізді білдіріңіз. Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың жолы калька тәсілі десек, ғылыми лексикадағы, яғни орыс не шет тілдерден енген сөздерді тұлғалық (құрылымдық), мағыналық жағынан сөзбе-сөз аударуды былайшы көрсетуге болады:
3-тапсырма. Тілімізге енген орыс, ағылшын, араб-парсы сөздерін сала бойынша топтаңыз (топтық жұмыс).
A. «Кәсіби қазақ тілі, стиль туралы түсінік» тақырыбында бейнероликті көріп, тапсырманы орындаңыз
Көзге түртсе көргісіз, су журек, тісі шыққан, жүрегі орнына түсу, тісін қайрау, жүрегі зу ету, тілін тістеу, жүрегі аузына тығылды,тілі қышыды, журегі алып ұшу, тілі байлану, жүрегі шайлығу, тілін табу,қол қусыру ,қолы жүру ,тырнақ астынан кір іздеу,он саусағынан өнер тамған, қол алысу, бес саусақтай білу,бармақ тістеу, ақ жүрек, жүрегі аттай тулады, ала көзімен атты, көз жазып қалу, көз шырымын алу, көзді ашып-жұмғанша, жүрегінің түгі бар, тіс жармау,құлаққа ұрған танадай, құлағын түру, ауыз бастырық беру, қол ұшын беру ,құлағын бұрау,аузына қақпақ болу,мұрны қанамау, аузынан салбырап түскендей, тас жүрек, тіс қаққан,жаны мұрнының ұшына келу, екі көзі төрт болды, жүзіктің көзінен өткендей, иненің көзінен өткендей, екі көзі шарасынан шығу, құлақ қағыс есту, аузына құм құйылды,аузынан бір елі тастамау,аузымен орақ ору, аузын буған өгіздей, иісі мұрнына бармау, мұрнынан шаншылу,ақ саусақ, қолы ашық, қой аузынан шөп алмас, жұмған аузын ашпау, аузы-аузына жұқпау, мұрнын шүйіру
Тұрақты сөз тіркестерін әр топқа бөліп, кестені толтырыңыз.
1.көз | 2. жүрек, тіл,тіс | 3. мұрын,құлақ, ауыз | 4. қол,саусақ, бармақ тырнақ |
---|---|---|---|
5-тапсырма. Тұрақты тіркестерді қолданып,сөйлем құраңыз