ІІ Модуль. Әлем назарындағы Қазақстан

Тақырып 1. Көлік және логистика. Көлік, көлік қатынасы

Image
Жақсы жолдың ұзыны жақсы, 
Жаман жолдың қысқасы жақсы.

          Cөздік

Жоғарыға өту

Грамматика

          Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді.

          Мысалы: алға, артқа, артта, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай, т.б. сөздер.

          Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді. Олар: бойында, айналасында, маңайында, қасында, үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, сыртында, іші, арасы, ортасы, т.б.

Жоғарыға өту

Оқылым

1 Мәтінді оқыңыз.


          Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы. Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:өндірістік ішкі көлігі, көпшілік пайдаланатын көлік.Өндірістік ішкі көлігі әдетте белгілі бір кәсіпорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.Көпшілік пайдаланатын көлік- еңбек өнімдерін бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады. Жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.
          Көлік логистикасы – жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын логистика бөлімі, яғни, қандай да бір материалдық объектілерді(өнім, заттар) бір пункттен екінші пунктке оңтайлы бағыт бойынша ауыстыру. Көлік логистикасының мақсаты – қажетті сападағы және сандағы қажетті тауарды белгіленген уақытта және орынға оңтайлы шығынмен жеткізу.
          Көлік логистикасының міндеттері: 1)көлік түрлерін таңдау (автомобилдік, теміржол, әуелік және т.б.); 2)тасымалдау тәсілін таңдау;3)тасымалдаушыны және басқа логистикалық серіктестерді таңдау;4)ұтымды жеткізу бағыттарын анықтау;5)көлік-қойма процесінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;6)көлік процесінің параметрлерін оңтайландыру.
          Қазақстандағы көлік жүйесі. Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын.Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Құбыр желісі – көлік құралдарының бірі, сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдайды. Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы - теміржол көлігі болып табылады.

2 Ойтүрткі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
- Сіздің ойыңызша «көлік» деген не?.
- «Көлік логистикасы» сөзін қалай түсінесіз?
- Сіздің ойыңызша көліктің қандай, қанша түрлері бар?
- Қазақстандағы қандай көлік жүйесін білесіз?

3 Кестедегі сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша «дұрыс» немесе «қате» екенін белгілеңіз    

Image

Жоғарыға өту

Cөйлесім

A. Фотосуретте берілген мәлімет арқылы «Қазақстандағы көлік жүйесі» тақырыбын топқа бөлініп, баға беріңіз.

B. Көлік түрлері тақырыбына сұқбат құрастырыңыз.

Image

Жоғарыға өту

Тыңдалым

1-тапсырма. «Қазақстан көлік логистикасы саласын қалай дамытты?» тақырыбында бейнематериалды көріп, тапсырманы орындаңыз.

Жоғарыға өту

Жазылым

1-тапсырма. Берілген сөздерге көмекші есімдерді (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) қатыстырып сөйлем құраңыз.

      1. Автомобиль көлігі (Үлгі: Жол бойында автомобиль көлігі толып тұр);

      2. Ұшақ (Әуежай айналасында ұшаққа еш кедергі жасамайтындай үлкен кеңістік жасалған);

      3. Кеме (Кеме сыртында басқа кемелерден айырмашылығы болу үшін арнайы белгілер белгіленген);

    4. Поезд (Поезд жүретін жолдың маңайында адамдар мен жануарларға, тіпті басқа көліктерге жүруге болмайды);

      5. Жүк көлігі (Жеңід көліктердің қасында жүк көлігінің көлемі үлкенірек, салмағы көбірек болады).

Жоғарыға өту