Тіл – жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары. (Олжас Сүлейменов)
Жалпы «Предикат» (лат. predіcatum — баяндау) — пікір түрінде қасиет пен ерекшеліктерді білдіретін пікір баяндауышы. Предикат белгілі бір нәрседе әлдебір қасиеттің (белгінің) барын не жоғын бейнелейді. Мысалы, «Бүркіт - жыртқыш құс» деген пайымда предикат “жыртқыш құс” сөздерімен айтылып тұр. Предикат заттарға (субъектіге) ерекшелік пен қасиеттердің тән немесе тән емес екенін белгілейді. Предикат - пікірдің субъективті-предикаттық құрылымының, қарапайым категориялық силлогизмнің қажетті және негізгі бөлігі болып табылады. Кең мағынасында предикат деп не ақиқат, не жалған мәніне ие болатын логикалық пропозиционалдық функцияны атайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері. БАҚ-өмір айнасы
БАҚ туралы заңда: бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет жəне басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны делінген. Қазақстанда мерзімдік басылымдар: орыс, қазақ жəне орысша-қазақша (яғни аралас тілде) шығады. Қазақстанда мемлекеттік жəне жекеменшік арналар жұмыс істейді. Олар: «Хабар», «Қазақстан-1», «Ел арна», «Асыл арна», «Таң», «31 канал», «Алматы», «Астана», «КТК», «НТК», «Еуразия – бiрiншi арна», «7 канал» т.б. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. БАҚ қоғамдағы ерекше құрал ретінде бағаланып «төртінші билік» деп аталынуда. «Төртінші билік» деген терминді журналистика саласына алғаш 1776 жылы атақты саясаткер, публицист Э.Берк əкелген екен. 1840 жылы француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған. Бірінші билік – Президент, екінші билік – Парламент, үшінші билік – Үкімет, төртінші билік – Бұқаралық ақпарат құралдары. Олардың əрқайсысының теңдессіз өз орны бар. Олар бір-бірімен байланысты. БАҚ – əділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Сондықтан БАҚ – төртінші билік қана емес, басты қажеттілік. Бұкаралық ақпарат кұралдарынын басты қаруы - коғамдық пікір. Бұкаралық ақпарат кұралдары коғамдық санаға әсер етеді де қоғамдық пікір туғызады, қоғамнын бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Қазіргі қоғамда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. Олар әр елде әртүрлі.
2.Ойтүрткі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Мәтінді оқып танысыңыз, аударыңыз.
Асты сызылған сөздерді дәптерге көшіріп жазыңыз.
Осы мәтінге байланысты 5 сұрақ құрастырыңыз.
4 Мәтінді түсініп оқыңыз. Aударыңыз.
          Бұқаралық ақпараттық құралдар – қоғамдық сананы қалыптастыруда маңызы зор құбылыс. Біз БАҚ арқылы қоғамда болып жатқан жағдаяттармен таныса аламыз. Осыған қарап-ақ билік пен халық арасындағы алтын көпір ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді атап айта көрсетуге болады. Журналист болу – бұл бұқараның көз алдында жүру боп саналады. БАҚ болмаған жағдайда, журналистика деп аталатын мамандық та болмас еді, қара халық билік басында, сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлардан хабарсыз болатын еді. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етуге БАҚ-тың рөлі өте маңызды. Әлемге әйгілі Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген.
1 Сұқбатты толықтырыңыз.
2 “Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері. БАҚ-өмір айнасы” тақырыбын талқылап көрейік. Мәтінді оқып, cұрақтарға топпен жауап беріңіздер.
Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжірибесі болады. Журналист өз ісіне берілген маман болуы тиіс. Соңдай-ақ, журналист жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болғаны абзал. Ол әрқашан жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Журналист – жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Журналист – газет-журнал немесе радио, телевизия жұмыстарын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші – әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Журналист тіл байлығын қолдануы қажет. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуы тиіс. Ол өз мемлекетіндегі және жер жүзіндегі оқиға, құбылыстарға талғаммен және сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруға міндетті. Журналистің басты принциптерінің бірі – еш уақытта қателеспеу болып табылады. Журналист қателессе мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Журналист өзі жазған материалға халықтың сеніммен қарайтынын ешқашан ұмытпауы керек. Журналист мамандығы – қадірлі мамандықтардың бірі. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланыста жұмыс істеп, онымен санасып отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғайды, қолдайды. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы тиіс.
Тақырыпқа қатысты өз ойларын білдіріп, аргумент айту
1-топқа:
1. Журналистің қандай болғаны абзал?
2. Журналистің басты принциптерінің бірі не?
2-топқа:
3. Журналист кімдердің мүдделеріне жұмыс істейді?
4. Журналистің жұмысына кімдер төрелік етеді?
3-топқа:
4. БАҚ-тың қазіргі замандағы рөлі қаншалықты үлкен?
5. Ақпарат қол жетімді түрде тарала ма?
1. «Ғылыми-техникалық саясат» бейнетаспасын көріп, тапсырманы орындаңыз.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Баспасөз ақпарат құралдарына не жатады?
2) Баспасөз құралдарының басты мақсаты не?
3) Ақпарат бүгінгі күнде қандай маңыздылыққа ие?
4) Әлем халықтары болған оқиғаны нешінші жылы қағазға түсірді?
5) Алғашқы газет нешінші жылы және қай жақта шығарылды?
6) Бірнеше жылдан кейін газет қай жақта басыла бастады?
7) Қай жылы тұңғыш апталық журнал жарық көрді?
8) Қазақ халқы газетті шығаруға нешінші ғасырда ғана қол жеткізді?
9) БАҚ және халық арасында қандай байланыс бар? Өз ойынды білдір.
4. Берілген бейнетаспаны көреміз
1) Жарқын болашақ, саналы ұрпақ, кемел адам, татымды ас, білімді жастар, ақыл-ой, ел болашағы, көзі ашық, қызыл тіл, дарынды тұлға, ұлт келешегі, пікір білдіру.
2) Некий звук, солнечным утром, актуальность новостей, беседовать о чем-то, яркое будущее, читать четко, весьма любопытный, мгновенно передумал, умные слова, спросить совет, работать продуктивнее, рациональное решение.
4. Берілген тірек сөздермен меншік мәнді сөйлемдер жасаңыз
Ақпараттық саясат, БАҚ-қоғамдық пікірді қозғаушы күш, қоғамдық пікір, төртінші билік өкілдері, білікті мамандар, жарқын болашақ, айқын көзқарас, сөз бостандығы, тәуелсіз мемлекет, саналы ұрпақ.
"Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор" Наполеон
Журналистикасыз қазіргі қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Журналистика XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен жазбаша хабар алмасу құралы ретінде пайда болған. Ал, оның ауызша түрде хабар жеткізу түрлері ерте кезден басталған. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті.
Журналистика – барлық уақытта қоғам өміріне араласа алады және баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен қоса, ол адамдарды тәрбиелейді. Журналистика тек қана хабарларды берумен шектеліп қалмай, ол сонымен бірге насихаттық рөл де атқарады. Журналистика – халық мүддесіне қызмет ететін, соның қажеттіліктерін қарастыратын сала.
Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға, себепкер болады. Журналистика бұқаралық ақпарат құралдары болып саналатын баспасөз, радио, телевидение, интернет арқылы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын қысқартып БАҚ деп те атайды. Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсына отырып, қоғамға жат әрекеттерден сақтандыру.
Журналистика – баспасөз, радио, телевидение сияқты әр алуан мекемелердің басын құрайтын ерекше әлеуметтік институт болып табылады. Ол – БАҚ пайдаланатын ақпаратты тарататын және олардың түрлерін қалыптастыратын арналардың біртұтас жиынтығы. БАҚ проблемаларын зерттейтін ғылым саласы да журналистикаға жатады.
6 Төмендегі суретте берілген әдіс-тәсілдер туралы оқытушымен бірге кластер құрыңыздар.
Ойталқыға сауал: Диалогтік оқытудың қай түрі жиі қолданылады? Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға, себепкер болады. Журналистика бұқаралық ақпарат құралдары болып саналатын баспасөз, радио, телевидение, интернет арқылы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын қысқартып БАҚ деп те атайды. Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсына отырып, қоғамға жат әрекеттерден сақтандыру.
7.Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
АЛҒАШҚЫ ГАЗЕТ
........«...газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды», - Ахмет Байтұрсынұлы айтқанындай, ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтын ұйыстыратын ақпарат құралы – мерзімді басылымның қажеттігі туындады. Бұған алғышарт та дайын болатын. Осы тұста Ресей мен Еуропа мемлекеттерінен білім алған қазақ зиялыларының қарасы молайып, үлкен күшке айналды. Тек қазақ ғана емес, жалпы түркітілдес мұсылман халықтары арасында жәдитшілдік кеңінен өріс алды. Сонымен қоса, бұған дейін түркітілдес мұсылман халықтарына ортақ жазу тілі түрки-татарша болып келгенімен, әр ұлт зиялылары өз ұлтының тілдік ерекшелігіне негізделген әліпби жасауға ұмтылысты бастап кеткен болатын. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет – «Қазақ». 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласында, Каримовтар мен Хұсайыновтар баспасынан жарық көрді. Қазақ халқының қоғамдық өмірінде, ұлттық санасы өсіп дамуы тұрғысында үлкен рөл атқарған «Қазақ» газеті 1918 жылдың 26-қыркүйегіне дейін шығып тұрды. «Қазақ» газеті – қазақ ұлтының әліпбилік дербестігін қамтамасыз етудегі алғышарт нұсқаның бірі болды дей аламыз. «Қазақ» газеті сол кезеңдегі жалпы мұсылман түркі жұртына түсінікті қаріпте басылып шығып тұрды.
Сұрақтарға жауап жазыңыздар.
1) Қазақ даласына баспасөз нешінші ғасырда келе бастады?
2) Қазақ баспасөзінің дамуын кімдер қалады?
3) Қазақтың тұңғыш газеті қалай аталады?
4) ”Қазақ” газетінің негізін қалаушы кім?
5) Газет нешінші жылы және қай қаладан жарық көрді?
6) “Қазақ” газеті қандай баспадан шығарылды?
7) Оның атқарған рөлі қандай болды?
8) Газет нешінші жылға дейін шығып тұрды?