І Модуль. Білім және ғылым

Тақырып 3. Танымал тұлғалар. Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі

Image

Cөздік

Жоғарыға өту

Грамматика

          Есімше. Причастие - это форма глагола, в которой совмещаются признаки двух частей речи - глагола и именного слова.
В казахском языке причастие выпускает не только в роли объекта, но и выполняет функцию определения и образует определительное словосочетание, которые на русский язык переводится, как правило, придаточным определительным предложением.
1. Причастие прошедшего времени - өткен шақ есімше образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов:
-ған, -ген после конечных гласных, звонких и сонорных звуков;
-қан, -кен после конечных глухих согласных звуков.
2. Причастие переходное - ауыспалы шақ есімше образуется путем присоединения к деепричастию будущего времени на -а, -е, -й суффикса -тын, -тін. Ауыспалы осы шақ есімше в предложении перед существительными выступает в качестве определения и указывает, для чего предназначен данный предмет (определяемое слово) или занятие лица, а также совершаемое действие. Мысалы: ішетін су - питьевая вода, жазатын қағаз - письменная бумага.
3. Причастие предположительное - болжалды есімше образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов: -ар, -ер, после конечных согласных. В отрицательной форме суффиксы причастия -ар, -ер, -р заменяются суффиксом -с. Мысалы: атар - айтпас, возможно скажет - возможно не скажет; келер - келмес, возможно придет - возможно не придет.
4. Причастие долженствующее - міндетті есімше образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов: -мақ, (шы), - мек (ші) - после конечных гласных и звуков р, л, й;
-бақ (шы), -бек (ші) - после конечных звуков и сонорных звуков м, н, ң.
-пақ (шы), -пек (ші) - после конечных глухих согласных звуков.
Міндетті есімше в качестве определения употребляется редко, ему предпочитается причастие на -атын (-етін, -йтын, -йтін).
Есімшенің анықтауыштық қызметі. Есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді. Сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі бірдей емес. Сын есім заттың тұрақты белгісін білдіреді, ал есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті аңғартады.

Image

Image

Жоғарыға өту

Оқылым

1 Мәтінді оқыңыз.

Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі.

        «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы халық арасында танымал жобалардың бірі. Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деді.Н.Ә.Назарбаев. 2017 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланды.
          «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы әр өңірден, жас шамасынан, мамандығынан және әр ұлттан шыққан адамдардың тарихын ашуға, оларды қалың жұртшылықтың игілігіне айналдыруға арналған, ал өмірлік және кәсіби жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі және ынталандыру болды. Өңірлерде жүйелі негізде оқушылармен, жоғары оқу орындарының студенттерімен, еңбек ұжымдарымен, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен, жетім балалармен және басқа да мотивациялық кездесулер мен тақырыптық әңгімелер өткізілді.
         Жоба басталғаннан бері қатысу үшін 8 мыңнан аса өтінім қабылданды (2017 жылы – 2112, 2018 жылы – 2388, 2019 жылы – 1673, 2021 жылы – 2790).
         Бүкілхалықтық онлайн дауыс беру арқылы 193 жеңімпаз анықталды (2017 жылы – 102, 2018 жылы – 29, 2019 жылы – 32, 2021 жылы – 30).
         Қостанайлықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін өтініштерді көптеп берген. Бір айдың ішінде қостанай тұрғындарының тарапынан 52 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде ең көбі спортшылар болып отыр. Бұл жобаға қатысуға тілек білдіргендердің ішінде 26 спортшы, 1 жеке кәсіп иесі, 3 өнер саласының майталманы бар. Жобаға қоғам, мәдениет, медицина, бизнес, ғылым салалары бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендер ғана қатыса алады. Сонымен қатар еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан, жастарға үлгі боларлықтай жандар лайықты деп саналады.
         «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініштер әр жыл сайын 1 қарашаға дейін қабылданады. Мұнда қойылатын басты талаптар жасы 39-дан аспауы керек, міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы шарт және белгілі бір салада жеткен жетістіктері болуы міндетті.

«100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобаның мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдарды жариялау, лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі боп жүрген азаматтарды тануымыз керек. Оларды тек танып қана қоймай, жастарға үлгі ету қажет. «Әрбір адам - ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады» - дейді. Іріктеу 100esim.el.kz сайтына онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Үміткерлер, негізінен, қоғамдағы барлық саланың өкілдерінен. Олар - дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер қайраткерлері, т.б. өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар. Аталған жобаға қатысушылар саны жылдан-жылға артып келе жатыр.

2 Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.
Мәтінді оқып танысыңыз, аударыңыз.
Асты сызылған сөздерді дәптеріңізге көшіріп жазыңыз.
Осы мәтінге байланысты 5 сұрақ құрастырыңыз.

Image

4 Түсініп оқыңыз. Аударыңыз
          Олардың іс-әрекеттері өзге замандастарына үлгі болары анық. Демек бұл жоба жеке бір адамдарды насихаттау немесе олардың абыройын асқақтату мақсатында жүзеге асып жатқан жоқ. Мұның артында расымен де үлкен идеологиялық астар жатыр. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. «Біз «жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек

Жоғарыға өту

Cөйлесім

1 Сұқбатты толықтырыңыз.


-   Сәлем, Дарина, сен «100 жаңа есім» жобасы туралы білесің бе?
- ------------------------------------------------------------.
-   Жобаның мақсаты қандай?
- ------------------------------------------------------------.
-   Жобаға қатысқан қандай жастарды білесің?
- ------------------------------------------------------------.
-   Олар қандай жетістіктерге жеткен?
- ------------------------------------------------------------.
-   Бұл тізімге енген біздің жерлестеріміз туралы естідің бе?
- ------------------------------------------------------------.
-   «100 жаңа есім» жобасының тізіміне ену үшін қандай болу керек?
- ------------------------------------------------------------.

ЕНДЕШЕ ТАЛҚЫЛАП КӨРЕЙІК!!!

2. Тақырыпқа қатысты өз ойларыңызды білдіріп, аргумент айтыңыздар.
1- топқа:
1. «100 жаңа есім» жобасының басты мақсаты, міндеті, шарттары қандай?
2. Бұл жастар үшін қажет пе? Неге?
2-топқа:
1. Өз достарыңыз арасында бұл жобаға кімді ұсынар едіңіз?
2. Тізімге ену үшін адам қандай болуы тиіс?


3. Топтық жұмыс. 2 топқа бөлініп, тапсырманы орындаңыз.
A. «100 жаңа есім» жобасының бір қатысушысы жайлы ақпарат дайындау, кластер/постер. Ол қандай тұлға? Қандай жетістіктері бар? Басқа қатысушылардан қандай ерекшелігі бар? Неге жобаға лайықты қатысушы деп ойлайсыз?
B. Жергілікті тұрғындар арасынан танымал тұлғалардан кімдерді білесіздер?Мысалы, Азат Сембинов, Әйгерім Берекешова, Елдар Сапаров, Бауыржан Рақышев және т.б.
Жоғарыға өту

Тыңдалым

1. Жергілікті жастар өкілінің бірі, бұл күндері өзі жоқ болса да артына ізін қалдырып кеткен ерекше жас қыз Малика туралы бейнетаспаны көріп танысыңыз.

2. Бейнетаспа мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Малика Мұхтарова кімнен қолдау табады?
2. Малика Мұхтарова қандай спорт түрімен айналысады?
3. Спортшының қандай жетістіктері бар?
4. Малика бимен қатар тағы қандай өнерге ие?
5. Малика Екі жұлдыз сайысына қалай қатысқан?
6. Бос уақытын қалай өткізеді?
7. Маликаның болашақта қандай арманы бар?
8. Кейіпкерді қандай тұлға деп ойлайсыз?

Жоғарыға өту

Жазылым

2. Сөйлемдерді демеулік түрлерімен сәйкестендіріңіз.

Сөйлем сұраулық күшейткіш нақтылық шектік болымсыздық болжалдық
Кірсем болады ма?                        
Бұл менің кітабым ғой.                        
Дина тұрмақ мен де дайын емеспін.                        
Тек бір оқушы кіреді.                        
Ол дұрыс жасамады-ау.                        
Өткен заманда болған-мыс.                        
Сабақ істедің бе?                        
Ол тек менімен ойнайды.                        
Мен барлығын орындадым ғой                        

3. Мәтіндегі сөздерге, сөз тіркестеріне жаттығыңыз, қалай жасалып тұрғанына назар аударыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз, аударыңыз..    
1)Танымал тұлғалар, атақты адамдар, болашаққа бағдар, ақылды адам, өскелең ұрпақ, жаңа Қазақстан, заманауи қоғам, білімді жастар, 100 жаңа есім, рухани жаңғыру, өзекті мәселе, тәуелсіз мемлекет, жол сілтеу, тиімді жобалар, көкірегі ояу.
2)Будущее поколение, свобода слова, независимая страна, учиться в университете, провести вечер, продуктивный день, рациональное решение, креативное мышление, острый ум, читать книгу, смотреть новости, узнавать новое, легкомысленный человек, быть внимательным, брать пример

4 Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз.
Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы……. Осы мақалада көтерілген өзекті мәселелердің бірі – «100 жаңа есім»……. "100 жаңа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос……. Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі боп жүрген азаматтарды……. Оларды тек танып қана қоймай, жастарға……. Жастарды осы тәжірибенің негізінде…….

6. Берілген тірек сөздермен меншік мәнді сөйлемдер жасаңыз.    
Білікті мамандар, саналы ұрпақ, жарқын келешек, шабыттану, алға жүру, дарынды балалар, мектеп, өнер иесі, тума талант, ақылы көркіне сай.

7. Асты сызылған сөйлемдердің мәні мен идеялық мағынасына назар аударыңыз.

Танымал тұлғалар. Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі. Image


Қазақта ұлт тағдырын өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғаларымыз жетерлік. Олардың халық жадында есімдері жаңғырып, үлгі болып та келе жатыр. Тарихшы Алмас Жұмаділов «Тарихи жазба деректердегі тарихи тұлғалар бейнесі» атты мақаласында тарихи тұлғалар туралы былай дейді:
«Тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни, тарихи тұрғыдан ел, халық үшін орасан зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай бағаны беріп отырған.Міне, қазақ тарихының белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған ұйымдастырушы болған, әйтпесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар - халықтың тұғырлы тұлғасына айналып отырған».
Тарихқа сәл шегініс жасасақ, әр ғасырда қазақ ұлтының ертеңі үшін туған ұлы тұлғалар, жаужүрек батырлар, дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер, ақын-жазушылар жетерлік. Биыл 1150 жылдығы аталып өтілетін ғалым, ойшыл Әбу-Насыр әл-Фараби, түрік қағанатының негізін қалаған Күлтегін, Тоныкөк, ұлы хандар Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов, қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлы, Алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Барлыбек сыңды тұлғалар ел жадында мәңгіге қалмақ.

8. Танымал тұлғалар туралы оқытушымен бірге кластер құрыңыздар.
Ойталқыға сауал:
1.Танымал ұлы тұлғаларға кімдерді жатқызамыз?
2.Бүгінгі танымал тұлғаларды білу жас ұрпаққа қаншалықты маңызды?
3.Ұлы тұлғалар туралы «Ұлылар үндестігі»атты ашық сабақ үлгісімен танысыңыздар.

9. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
          «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
          Елдегі меценaттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады.
          Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда.

1) «100 жаңа есім» жобасының мақсаты не?
2) «Жаңа есім» жобасы не үшін қажет?
3) Бұл жоба болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызы қаншалықты зор?
4) Халық өзі қалаған адамды бұл жобаға ұсына алады ма? Толық жауап
5) Қандай адамдар жобаға қатыса алады?
6) «100 жаңа есім» туралы алғашқы рет қай жылы және қайда жарияланды?
7) Сіздің ойыңызша жобаның пайдасы қандай?
8) Жобаға қатысушыларға дауыс беру қалай жүзеге асырылады?

Жоғарыға өту