а) Етістіктің шақтары өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп үш түрге
бөлінеді. Өткен шақ – барды, осы шақ – бара жатырмын,келер шақ –
барармын. Етістік осылайша 1,2,3-жақта, жекеше, көпше түрде жіктеледі.
ә) «Мен бар-ма-й-ын-ша, ол келмейді». Қазақ тілінде сөз бірнеше
жұрнақтың жалғануы арқылы жасала алады,
мысалы,жоғарыдағы "бармайынша" деген сөздегі бар – етістік (түбір), -ма – болымсыз етістік жұрнағы, -й – көсемшенің жұрнағы (көсемше – етістіктің ерекше түрі,өйткені ол есімдерше де, етістікше де түрленеді ), -ын (сөз түрлендіруші
жұрнақ,табыс септігімен шатастырмау керек), -ша–сөз, тудырушы
жұрнақтар, яғни түбір сөзге бірнеше жұрнақтар (құранды жұрнақ) жалғану
арқылы бір мағынаны білдіріп тұр әрі етістіктіктің шағы ретінде жіктеліп
жұрнақтар, яғни түбір сөзге бірнеше жұрнақтар (құранды жұрнақ) жалғану
арқылы бір мағынаны білдіріп тұр әрі етістіктіктің шағы ретінде жіктеліп
Маржан кел-ме-й-ін-ше,Сабыр орнынан қозғалмады.
В казахском языке формы времени глагола образуются путем присоединения к причастиям и деепричастиям личных окончаний и выражают отношение действия к моменту речи.
В казахском языке глагол имеет три времени: осы шақ (настоя-щее время), келер шақ (будущее время), өткен шақ (прошедшее время).
Осы шақ (Настоящее время)
Осы шақ обозначает действие, которое происходит в момент речи. Имеют две формы: нақ осы шақ (собственное настоящее время) и ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время).
1. Нақ осы шақ - собственно-настоящее время (действие происходит в момент речи) передается двумя способами.
Простая форма глаголов образуется от четырех глаголов состояния: тұр - стой, жүр - иди, отыр - сиди, жат - лежи.
В качестве именных слов эти глаголы могут принимать личные окончания и выражать состояние лиц и предметов: мен отыр-мын - я сижу.
Сложная форма нақ осы шақ образуется путем прибавления к основной форме глагола суффиксов -а, -е, -й или -п, -ып, -іп. Личное окончание прибавляется к вспомогательному глаголу. Мысалы: Мен жаз-ып отырмын - я пишу (сейчас). Оқып отырмын - читаю.
Келер шақ (Будущее время) Келер шақ выражает действие, которое происходит после момента речи.
Оно бывает трех видов:
1. Болжалды келер шақ - предположительно-будущее время (может быть) образуется от основы глагола с суффиксами -ар,/-ер/-р + личные окончания. Мысалы: Ол ертең кел-ер - Может быть, он придет завтра. Бүгін қар жау-ар - Может быть сегодня пойдет снег. Мен ертең бар-ар- мын - Может быть, я завтра пойду.
2. Ауыспалы келер шақ - переходно-будущее время. Ауыспалы келер шақ называется переходным, так как может употребляться как в настоящем, так и в будущем времени.
Образуется от деепричастия с суффиксами -а,-е,-й и личных окончаний. Мысалы: бар-а-мын - пойду, қара-й-мын - посмотрю, кел-е-мін - приду.
3. Мақсатты келер шақ - будущее время цели. Образуется от основы глагола + суффиксы: -мақ/-мек; -бақ/ -бек; -пақ/ -пек + личные окончания (по общему закона сингармонизма и ассимиляции). Мысалы: Бар-мақ-пын - я намерен поехать.
Өткен шақ (Прошедшее время) Өткен шақ бывает двух видов:
Жедел өткен шақ - очевидное прошедшее время, образуется путем прибавления к основе глагола суффиксов -ды/-ді; -ты/-ті и личных окончаний.
Бұрынғы өткен шақ - давно прошедшее время образуется тремя способами:
а) основа глагола + причастный суффикс -ған/-ген + вспомога-тельное слово екен (для усиления значения). Мысалы: асыраған - воспитал. Асыраған екен - воспитывал.
б) основа глагола + причастный суффикс -ған/-ген + личные окончания. Мысалы: Мен асыра-ған-мын - Я растил. Сен асыра-ған-сың - ты вырастил. Сіз асыра-ған-сыз - вы вырастили.
в) основа глагола + деепричастный суффикс -п/-іп/ -ып + личные окончания. Мысалы: асыра-п-пын - я вырастил, асыра-п-ты - он вырастил. (Здесь: после деепричастий 3-е лицо имеет личные окончания -ты/-ті; -ды/-ді, которые по форме напоминают суффиксы прошедшего времени).
Етістік---майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше:(означающее «на этот момент, до сих пор», или же «до тех пор, как».) тіркестері арқылы қолданылуы:оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б Мысалы: жазбайынша (до тех пор, как напишет)
2. Шектік (тежеу) демеуліктері (ғана, тек қана)///ДЕМЕУЛІКТЕР ТҮРЛЕРІ:
Мысалы: айтылған ой, айтқан ұсыныс, таңдаған кәсіп. Осы сөздердің
барлығына қандай сұрақ қоямыз. Айт – етістік (түбір) + ыл (ырықсыз етіс)
+ған (есімшенің жұрнағы) жалғанып тұр, бірақ біз оған қандай деген
анықтауыштың сұрағын қоямыз. Қандай ой? Айтылған ой. Яғни, есімше де
етістіктің ерекше категориясы, ол да көсемше сияқты есімдерше де,
етістікше де түрлене алады, яғни септеледі, жіктеледі, тәуелденеді. Есімше
етістік бола тұра анықтауыш қызметін атқара алмас еді, ол есімдерше
түрлене алғандықтан ғана анықтауыш бола алады, ал етістікше түрленгенде
сөйлемде пысықтауыш не баяндауыш болады, жоғарыдағы мысалдарда
есімше есімдерше түрленіп, есім сөздердің қызметін атқарып, анықтауыш
болып тұр. Тек көсемше, есімше және тұйық етістік (–у) қана осылай түрлене
алады.
Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, тек қана т.б Мысалы: Тек Анар ғана
бұл суретті жақсы сала алады. Тек Асан келсін.
Частицы можно разделить на следующие виды: 1) Конкретизирующие частицы (нақтылық демеулiктер).
ғой/қой – же, ведь
Частицы 'ғой/қой' придают высказыванию значение законченности и утвердительности.
Айттың ғой. – Ты же сказал. Келді ғой. – Он ведь пришёл.
Мынау ат қой. – Это же конь. Ол жас қой. – Он ведь молодой.
Мен оны сүйемін ғой. – Я же его люблю.
2) Усилительные частицы (күшейткіш демеуліктер).
ай – ох, эх, ах
ау – (удивление, сожаление)
ақ – (усиливает значение)
Жаным-ай. – Ох, душа моя. Қарағым-ай. – Эх, милый мой.
Көп-ақ екен! – Как много! Солай-ақ болсын. – Пусть так и будет.
Алдан-ақ белгiлi болды. – Заранее было известно.
Ұят болды-ау. – Как стыдно.
3) Ограничительные частицы (шектiк демеулiктер).
ғана/қана – только, лишь
тек, тек қана – только, лишь
ақ – только, лишь
Частица 'қана' следует после слов, оканчивающихся на глухую согласную, частица 'ғана' – в остальных случаях
Тек қана алға! – Только вперёд!
Бір сағат қана. – Только один час.
Тек Қазақстанда ғана. – Только в Казахстане.
Тек қана қазақ тiлiнде. – Только на казахском языке.
Бұл тек саған қатысты. – Это касается только тебя.
Мен жексенбі күні ғана боспын. – Я только в воскресение свободен
Частица 'aқ' может быть как усилительной, так и ограничительной со значением "только, лишь".
Бір-ақ кiтап қалды. – Одна только книга осталась.
Үш-ақ адам. – Только три человека.
Алманың бесеуi-ақ қалыпты. – Только пять яблок осталось.
Конструкция 'глагол+отрицание+й-ақ қою'
имеет значение "так и не, лучше не". То есть к глаголу в отрицательной форме (с суффиксами 'ба/бе, па/пе, ма/ме') присоединяется суффикс 'й', затем через тире добавляется 'ақ' и далее следует глагол 'қою'. Если глагол 'қою' стоит в прошедшем времени, то имеет значение "так и не". Если глагол 'қою' стоит в повелительном наклонении, то имеет значение "лучше не".
Мен ағылшын тілiн үйренбей-ақ қойдым. – Я так и не выучил английский язык.
Сен оны түсінбей-ақ қойдың. – Ты его так и не понял.
Менімен сөйлеспей-ақ қой. – Лучше не разговаривай со мной.
Бұл туралы маған айтпай-ақ қойыңыз. – Об этом мне лучше не говорите.
4) Предположительные частицы (болжалды демеулiктер).
мыс/міс, ды/ді – как будто, якобы
ұстаған-мыс – схватил будто бы, пайда болады-мыс – польза будет будто бы
естиді-міс – услышит якобы, iздейді-міс – найдут якобы
болған-ды – было якобы, көрген-ді – видел якобы
5) Вопросительные частицы (сұраулық демеулiктер)..
ба/бе, па/пе, ма/ме ше
Вопросительные частицы 'глагол+отрицание+й-ақ қою'
и правила их использования, подробно расписаны в разделе «Существительные –> Множественное число, отрицание, вопрос». Здесь лишь несколько примеров:
Сізде ақша бар ма? – У вас деньги есть?
Сен киноға бардың ба? – Ты ходил в кино?
Мынау қалам ба, қарындаш па? – Это ручка или карандаш?
Вопросительные частицы 'глагол+отрицание+й-ақ қою'
используется, когда говорящий сообщил определённую информацию и о том же переспрашивает собеседника.
Мен театрға барамын, сен ше? – Я пойду в кино, а ты?
Менің атым Қайрат. Ал, сіздің ше? – Моё имя Кайрат. А ваше?
6) Отрицательные частицы (болымсыздық демеулiктер).
түгіл – не только
Сен түгіл, маған да орын жоқ. – Не только тебе, но и мне нет места.
Есімшенің анықтауыштық қызметі Есімше -ған (-ген, -қан,-кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формалары да, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Өйткені ол жұрнақтар есімшелермен функционалдық парадигма құрайды.
Өнертабыс және жаңашылдық. Қазіргі заман өнертабыстары.
Өнертабыс дегеніміз – бұрын қолданыста болмаған жаңа дүниені жасап шығару немесе затты жасаудың тың әдісін, өзгеше тәсілін ұсыну. Өркениет дамығаннан бері адамдар сан алуан жаңа заттарды құрастырып, біздің жұмысымызды жеңілдететін әдістерді ойлап тапты. Осы өнертабыстар адамдардың жұмысын тездетіп, оңайлатып қана қоймай, сол еңбектің қаржылық шығынын да азайтты. Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр. Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды.
Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр. Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ең көп дегені 4-5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалық аз емес. Қазақстандық өнертапқыштар өнертабыс әлеміне өзіндік қолтаңбасымен келіп, із қалдырып жатқан жайы бар. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Әдетте күнделікті өмірде қолданатын электрлі, механикалық заттардың қалай пайда болғанына мән бере бермейміз. Адамдардың бір кездері бұл заттарсыз да өмір сүргенін ойлап, бас қатырмаймыз. Тұрмыстық заттар мен техниканы кім ойлап тапқан және олардың тарихы қандай, бүгін осы сұрақтарға жауап береміз
2.Ойтүрткі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз. Мәтінді оқып танысыңыз, аударыңыз.
Ерекшеленген сөздерді дәптеріңізге көшіріп жазыңыз.
Осы мәтінге байланысты 5 сұрақ құрастырыңыз.
4 Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз.
          Алғашқы шаңсорғыштармен бірнеше адам жұмыс істейтін. Құрылғы XIX ғасырдың аяғында пайда болды: бір адам теріні үрлесе, екіншісі құбыршекті (шланг) тасиды. Шаң жиналмайтын, тек келесі бетке ұшып кететін. Ағылшын инженері Хьюберт Сесил Бут бұл құрылғыны 1901 жылы өзінің арнайы фильтрі бар шаңсорғышын жасайды. Вакуумды сорғының күші бес жылқыға татитын. Оған қоса, бензинді қозғалтқышпен жұмыс істейді. Кейін ол электрмоторлы нұсқасын жасайды. Бірақ, екі шаңсорғыш өте үлкен еді, оны тек аттардың көмегімен ғана жылжытуға болады. 1908 жылы америкалық компания W. H. Hoover Company алғашқы жинақы шаңсорғыш "tin model" жасайды. Ол уақытта оның салмағы 20 кг болатын. Уақыт өте оның салмағы азая берді. Бүгінде барлық үйде кездесетін маңызды өнертабысқа айналды.
          Шашты жылы ауа арқылы кептіруді француз шаштаразы Александр Фердинанд Годфруа 1888 жылы ұсынды. Бастапқыда фен отырғышқа бекітілген қалпақ секілді еді. Ол газ плитасымен жалғасты. Кейін ол өзінің жұмысын жетілдіріп, оның кішірейте бастады. Алғашқы патент Натаниэли Бриггске 1797 жылы беріледі. Бірақ, патентті бюрода орын алған өрт кесірінен өнертабыстың сипаттамасы сақталмаған.
          1851 жылы америкалық Джеймс Кинг қолмен айналдырып отыру керек барабанды кір суғыш машинасын жасайды. Киімдерді сығу үшін жасалған құрылғы 1861 жылы кір жуғыш машинамен біріктіріледі. Алғашқы электрлі кір жуғыш машина 1900-жылдары жасалды. Ал алғашқы автоматты кір жуғыш машинасы АҚШ-та 1949 жылы қолданысқа енді.
-  Қайырлы күн, Жанар, сен өнертабыс туралы білесің бе?
- ------------------------------------------------------------.
-   Өзің қандай техниканы күнделікті қолданасың?
- ------------------------------------------------------------.
-   Компьютер немесе телефонның шығу тарихын білесің бе?
- ------------------------------------------------------------.
-   Қалай ойлайсың, біздің елімізде өнертабыс саласы қаншалықты дамыған?
- ------------------------------------------------------------.
-   Егер қолыннан келсе, қандай жаңа зат жасар едің?
- ------------------------------------------------------------.
-   Сенің достарынның арасында жас өнертапқыштар бар ма ?
- ------------------------------------------------------------.
2 Берілген мәтінді рольдерге бөліп айтыңыздар, мағыналарын түсіндіріңіздер. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
Қайрат, ақыл, жүрек - үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: -Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? Ақыл айтыпты: -Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін -мен, сенің сөзіңді ұғатын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды екен? Жүрек айтыпты: -Мен - адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайын да ойлайтын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін -мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін -мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: -Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. -Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да -бәрі сенен шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Қасиетті адам деген қандай адам ?
2.Cіз үшін қандай қасиеттер маңызды?
3.Ғылымның жауабымен келісесіз бе?
4.Егер таңдау болса қандай қасиетті таңдар едіңіз? Не себепті?
ЕНДЕШЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!!!
3 Топтық ойын. Әр топ бір-бір өнертабыстан алып, тарихы мен ойлап тапқан адам жайлы ақпарат дайындайды. Білім-ғылым туралы 5 мақалдан жазу.
Кофеге арналған фильтр
Бір аяқ кофе ішіп, әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көретіндер Мелитте Бенцтің арқасында екінші аяқ кофе дайындаудың кезекті қиыншылығынан құтылды. Алғашқы фильтр-конусты Мелитта 1909 жылы өз қолымен қарапайым окушы дәптерінің парағынан дайындаған. Бүгінде әлемге аты әйгілі кофеге арналған фильтр шығаратын белгілі неміс компаниясы Melitta осы әйелдің құрметіне арналып қойылған. Ғасырдағы ең бай адам. Әлемдегі ең ірі «Майкрософт» компьютер корпорациясының негізін қалаушы, компьютер данышпаны Билл Гейтс. Ол жасаған бағдарламалар жүйесін компьютер әлемінің 83 пайызы пайдаланады. Планетаның ең бай іскер адамы саналатын оның жеке табысы қазір 85 миллиард доллар Ғасыр сыйлыгы. Бүгінгі таңда сыйлықтардың атасы Нобель атындағы сыйлық. Альфред Нобель 1833 жылы Стокгольм қаласында туған. Әр жылдары Ресейде, АҚШ-та, Францияда өмір сүріп, 1896 жылы Италияның Сан-Ремо қаласында дүние салды. Нобель 350-ден астам жаңалық ашты. Ол әлемнің 20 шақты елдерінде 93 өнеркәсіптің негізін салды. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты.
5 Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Ғасыр ғалымы
Адамзат ақыл-ойының данышпанына айналған ғұлама ғалым Альберт Эйнштейннің есімі Темірқазық жұлдызындай мәңгі жарқырап тұрмақ. Оны осындай биікке көтерген физика саласында ашқан Ықтималдық теориясы туралы жаңалығы. Нобель сыйлығының лауреаты Эйнштейн атом бомбасын жасап шығару идеясының авторы.
Эйнштейн ғылым философиясына қосқан елеулі үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленттілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әлемге әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.
Эйнштейннің басты еңбегі – «Салыстырмалылық теориясы». Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал.
1.Өнертабыс деген не?
2.Қандай жаңа өнертабыстар жайлы білесіз?
3.Қазіргі заманда техника қаншалықты дамыған?
4.Өздеріңіз қандай өнертабысты жасар едіңіз?
1. «Ғылыми-техникалық саясат» бейнетаспасын көріп, тапсырманы орындаңыз.
2. Жұптық жұмыс: Мына сұрақтар бойынша сұқбат құрастырып, ойларыңызды айтыңыз. Сұрақтарға дәлелді жауаптар келтіріңіз.
A. Ғылым және технология саласы бойынша қандай жаңалықтарды білесіз?
B. Нанотехнология жетістіктерін ғалымдарымыз қалай игеруде?
C. Қазақстанда нанотехнологияның араласатын салалары қандай?
D. Наноғылымның қоғам үшін пайдасы қандай?
E. Жаһандану заманындағы наноғылымы мен оның технологиясының өрісі туралы не айта аласыз?
3 Топтық жұмыс.
1- топ. Гендік инженерияның зияны жоқ па?
2-топ. Әлемдегі 7 миллионнан астам ғалымның тек мыңға жуығы ғана ГМӨ-ге қарсы екен. Сіз ше?
4 Гендік модификацияланған тағамдардан қауіптену қажет пе? Сұраққа жауап бере отырып, мына ойды жалғастырыңыз.   
Қазіргі кезеңдегі өндірістік технологияның дамуы нәтижесінде азық-түлік тағамдарын дәмдендіру, сақталу мерзімін ұзарту мақсатында түрлі тағамдық қос¬па¬ларды пайдалану азық-тү¬лік өнім¬дерінің табиғи құрамына ай¬тар¬лықтай өзгерістер келтіруде. Кей¬бір өндіріс орындары өнім кө¬лемін ұл¬ғайту үшін де тағамдық қос¬паларды пайдаланудың түрлі тех-нологиялық әдіс-тәсілдерін қол¬дануда......
5 Серікбол Шәймардан ойлап тапқан Smart Бесік туралы бейнетаспаны тындап, оз пікірлеріңізді білдіріп, сұрақтарға жауап беріңіздер.
A. Шаймардан қандай бесікті ойлап тапты?
B. Бесікті ненің көмегімен басқарады?
C. Дыбысты ескерту қандай жағдайдан хабардар етеді?
D. Шаймардан шығарған бесік не себепті ақылды бесік деп аталды?
E. Не себепті бесікті «Smart Бесік» деп аталды деп ойлайсыз?
7 Бейнетаспаны көріп, тест сұрақтарына жауап беріңіз:
Тапсырма орындадық, ән айтты, қарап отыр, кетуі мүмкін, ұйықтап жатыр, тосап қайнатты, күтіп отырмыз, ақша жіберді, хабарлап жатыр, кеше айтты, ертең келеді, сыйлық берді, сурет салып отыр, ұшып келеді, жеңіспен оралды.
3 Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз
1.Он смотрит интересный фильм. 2.Учитель задал много заданий. 3.Папа приедет завтра. 4.Я смотрел телевизор вчера. 5.Птицы осенью улетели. 6.Она пишет новую книгу. 7.В среду будет 5 занятий. 8.Дети летом будут отдыхать. 9.Мы строим новый дом. 10. Вчера мы ходили в кинотеатр.
5 Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз
1.Я вчера тебе звонил, но ты не брала трубку. 2.Мы будем петь песни. 3.Дети будут смотреть мультфильм. 4.Соловей поёт на ветке березы. 5.Скоро наша речка замерзнет. 6.Сын сыграет с отцом в шахматы. 7.Маша рисовала елку. 8.Котенок играл с клубком ниток. 9. Учитель объясняет тему. 10.Мы гуляем по парку.
6 Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақтың Қанышы
Қаныш Сәтбаев алуан түрлі тастары бар тауларды, дархан даланы жақсы көрген. Ол кішкентайынан тау-тастардан, қыраттардан әр түрлі түске боялған тастарды жинаған. Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлының өмірі мен ғалым жайлы тың деректер оқырманды қызықтырары анық. Осы орайда National Diqital History порталы ғұлама ғалымның өмір дерегінен қызықты деректер ұсынады. Ғұлама ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған.Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған. Музыка тыңдағанды ұнатқан.Биді қадірлейтін.Археолог ғалым Ә. Марғұланның айтуынша, Қаныш Сәтбаев полька, мазурка, вальс билерін билеуге қызыққан. Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі – 1642 беттен тұрған. Қазақтың тау тұлғалы алыптары Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов дос болған. Ұлы жазушы мен ұлық ғалым Семейдегі семинарияда бірге оқыған. Қаныш Имантайұлының көзін көрген Сіләмхан ақсақалдың айтуына қарағанда, екеуі бір жатақханада, бір пәтерде тұрған. Жастайынан бір-бірін тап басып таныған қос таланттың арасындағы адал достық соңғы сәтке дейін жалғасын тапқан.
A. Ғұлама ғалымның өмір дерегінен қызықты деректерді қандай портал ұсынды?
B. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны беретін, ғалымның шын атын атаңыз.
C. Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған қандай оқулықтың авторы?
D. Ғалымның алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі неше беттен тұрған?
E. Қаныш Сәтбаевтың қызығушылықтарын атаңыз.
7 Мәтіндегі сөздерге, сөз тіркестеріне жаттығыңыз, қалай жасалып тұрғанына назар аударыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз, аударыңыз..
1.Разнообразный, владелец неограниченных богатсв, интересные данные, написанный на родном языке, увлекался танцами, великий писатель, дружба двух талантов, ученый-археолог, научная работа.
2.алуан түрлі, ғылыми еңбек, адал достық, қос талант, озық болған, өлшеусіз үлес қосқан, қызықты дерек, көзін көрген.
8 Сөйлемді мәтін бойынша аяқтаңыз. Қыраттардан әр түрлі түске боялған ........ жинаған. Ғұлама ғалымның шын есімі – ......... Қаныш Сәтбаев полька, мазурка, вальс ........... ......... қызыққан.
Қазақтың ...... ............ алыптары Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов .... болған.
......... бір-бірін тап басып таныған қос таланттың арасындағы ...... достық соңғы сәтке дейін жалғасын тапқан.