Байқауға іріктеу басталды

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қалыптасқан дәстүр бойынша «Мисс ҚМУ-2016» сұлулық байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Сұлулық байқауы әдемілікпен қатар сахнада өзін ұстау мәдениетін, интелектуалдық-зияткерлік қабілетін арттыруды мақсат тұтқан іс-шара. Аталмыш сайыста жеңіске жеткен қатысушы оқу жылының соңында «Студенттік көктем» фестиваліне қатысатын болады.

Іріктеу кезеңінің алдында қыздар әлеуметтік желідегі арнайы парақшаға тіркеліп, фотосуреттерін жіберген. Соның нәтижесінде 30 шақты бойжеткен іріктеуге келді. Барлығы қазылар алқасының қойған сұрақтарына мүдірмей жауап беруге тырысты.

Қазылар алқасының құрамында әнші, шоу-мен Азамат Ибраев, «Mary Kay» компаниясының Қостанай облысындағы өкілі Дина Төлебаева, Қазақстан-Қостанай телеарнасының тілшісі Болатжан Мұздыбаев және Айдана Папанина, университетіміздегі жастар бастамаларын дамыту басқармасының директоры Болат Қалиев бар.

Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады. Негізгі іріктеу кезеңінде аталған 30 қыздың ішінен 9-10-ы ғана қалады. Финалдық сайысқа 7-9 ару жолдама алады. Сонымен қоса, 5-7 қыз интернет дауыс беру арқылы соңғы 1 жолдаманы алуға таласпақ. Байқауға тікелей жолдама алған қыздардың аты-жөндері 3-наурызда белгілі болады. Дауыс беру 4-10 наурыз аралығында өтпек.

Ендеше, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Айтолқын ҚАПАН,

ГӘФ журналистика мамандығының 2 курс студенті.