Біз туралы


Журнал

«Жас өркен-Қостанай» - жастар саясаты туралы материалдар жариялау, жарнама және қазақстандық патриотизм идеясын насихаттау бағытындағы журнал. Басылым Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының Орынбор, Қорған, Челябі және Омбы облыстарына тарайды. Аталмыш басылым 2003 жылғы 28 қаңтардан бастап шыға бастады.

Журнал ҚР Мәдениет, ақпарат, және қоғамдық келісім министрлігінде 2002 жылы 18 қарашада тіркеліп, №3386-Ж куәлігі берілген. Екі айда бір рет шығады. Таралымы бір мың данаға жетті.

Аталмыш журналда мәдени-ағарту, тарихи тақырыптармен қатар жастар саясатына арналған материалдар жиі жарық көреді. «Туған жер тұлғалары», «Мамандығым – мақтанышым», «Мирас», «Ғалым. Ұстаз. Азамат», «Әдеби мұра», «Университет мақтанышы», «Жас қалам», "Біз де студент болғанбыз" , "Тарихи суреттер" сияқты тұрақты айдарлары бар.

Журнал тек қана қазақ тілінде шығады. Бұл Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ЖОО арасында қазақ тілінде жарық көріп отырған жалғыз журнал. Ол жастармен қатар ересектер аудиториясына да арналған. Журнал Қостанай облысымен қатар  республиканың басқа аймақтарына  да тарайды, мерзімді басылымдардың республикалық каталогына енгізілген. Журналға жарияланатын мақалалардың авторлары тек студенттер ғана емес, сонымен бірге біздің облыстың белгілі көсемсөзшілері мен журналистері.

Журналдың көркемделуі және безендірілуі өзге басылымдардан кем емес, жылтыр қағазда, түрлі түсті бояумен басылады.