Шет елдермен 20 келісімге қол қою жоспарлануда

Читать: 1 мин

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның басқа елдердегі елшіліктерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізіп, онда Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

Министрлік тұжырымдамаларды дайындады және шет мемлекеттермен білім беру саласында төмендегідей мәселелерді қамтитын 20 келісімге қол қоюға дайындалып жатыр:

- бірлескен зерттеулер жүргізудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;

- университеттерде қос дипломды бағдарламалар ашу;

- паритеттік негізде грант бөлу;

- білім туралы құжаттарды мойындау

Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын 610-нан астам қазақстандық студенттер шетелдік университеттерде мемлекеттік гранттар бойынша білім алады. Сонымен бірге, қазақстандық жоғары оқу орындарында квоталар саны артты және бүгінде Қазақстанда шамамен 345 шетелдік азамат білім ала алады.

КГУ