ҚМУ-де диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңес ашылды

Читать: 1 мин

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 25 бұйрығымен ветеринарлық мамандықтар бойынша, 6D120100 (ветеринарлық медицина) және 6D120200 (ветеринарлық санитария), философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңес ашылды. Кеңес 3 жыл мерзімге, яғни 2023 жылдың 24 қаңтарына дейін жұмыс жасайтын болады.

Докторлық диссертацияны қорғауға докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгерген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің» талаптарына сәйкес келетін адамдар жіберіледі.

КГУ