«Мен және менің отбасым» конкурсы өтеді

Читать: 1 мин

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Қостанай мемлекеттік университеті «Мен және менің отбасым» отбасылық фотосуреттер мен бейне-роликтер байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты – шығармашылық даралықты ашу, әлеуметтік белсенділікті насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту, балаларды шығармашылыққа тарту.

Конкурсқа оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатыса алады.

Байқауға цифрлы немесе аналогтық жабдықта (смартфон) жасалған жұмыстар қабылданады. Олар түрлі-түсті немесе ақ-қара форматта болуы мүмкін. Барлық жұмыстар ұйымдастыру комитетінің crmi_ksu@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Байқауға жіберілген фотосуреттер мен бейне-баяндарды компьютерлік бағдарламалардың (графикалық редакторлардың) көмегімен өңдеуге рұқсат етіледі.

Байқауға ұсынылған жұмыстардың сандық нысаны келесі талаптарға сай болуы керек:

Бейне-баян TIK-TOK платформада түсірілуі керек, ал фото JPEG форматында.

Конкурстық жұмыстарды бағалаудың негізгі өлшемдері:

- мазмұны көрсетілген тақырыпқа сәйкес болуы шарт;

- фотосуреттің немесе бейненің өзіндік ерекшелігі, жақсы ойластырылған идея;

- идеяның, әрекет етудің бірегейлігі;

- берілген ережеге сәйкестігі, оның мақсаттары мен міндеттерін сақтау.

Жарыс 25 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Конкурстық жұмыс 31 мамырға дейін қабылданады.

Байқау қорытындылары университет сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

КГУ