«Ұлы ағартушылар» бейнероликтер байқауы

Читать: 1 мин

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің шет тілдер кафедрасы Абай Құнанбаевтың 175-ші мерейтойына  арналған «Ұлы ағартушылар» тақырыбында бейнероликтер байқауын ұйымдастырады.

Байқауға Қостанай қаласының 11 сынып оқушылары және колледж білім алушылары шақырылады.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ұлы қазақ мәдениет ағартушыларының шығармашылығына қызығушылығын ояту.

1 кезең: Жұмыстар 2020 жылдың 3-ші наурызынан сәуірдің 3-не дейін «Ұлы білім ағартушыларының шығармашылығы мен қызметі» және «Қазақстандық мәдениеттің дамуына өз үлесін қосқан ұлы адамдар» тақырыптарында (таңдау бойынша) жұмыстар    қабылданады.

2 кезең: байқау қорытындысы 2020 жылдың 6-9 сәуір аралығында шығарылады.

Байқаудың қорытындысы және  салтанатты марапаттау 10-шы сәуірде сағат 16.00-де А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткізіледі.     

Телефон: 8(7142) 39-01-89, Абаева Алтынай Жанатовна,

Шет тілдер кафедрасы,  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ.

Сайыс ережелері Файл №1, Файл №2

КГУ