«3I: ақыл, идея, инновация»: дамудың болашағы

Читать: 1 мин

Ғылым апталығы аясында облыстық «Костанайские новости» газетінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі санында 2011 жылдан бері шығарылып келе жатқан «3I: Интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналы жайлы ақпарат жарияланды.

Еске сала кетейік, бұл үш айда бір гуманитарлық, әлеуметтік, ауылшаруашылық, экономикалық, құқықтық, жаратылыстану және техникалық салалардағы Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулерін жариялайтын басылым. Журнал үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жариялайды.

«Біз авторлардың зерттеулері Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің стандарттарына сай болуына тырысамыз»,-дейді Кенжегүл Шалғымбекова, п.ғ.к., журналдың редакциялық алқасының хатшысы.

Журналдың редакциялық құрамына Ресей Федерациясының, Беларуссияның, Польшаның, Италияның, Германияның белгілі ғалымдары кіреді, ал меншік иесі - университеттің өзі.

Айтпақшы, «3I: Интеллект, идея, инновация» ғылыми журналы «Ветеринария» және «Ауылшаруашылығы» салалары бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған аймақтағы жалғыз ғылыми басылым.

Бүгінгі университет ғалымдарының қатысуымен өткен онлайн-семинарда дәл осы мәселелер талқыланды, аймақтық БАҚ арқылы ғылыми қоғамдастықты ақпараттандыру және журналдың болашағы туралы айтылды.

«3I: ақыл, идея, инновация»: дамудың болашағы

КГУ