Іргелі зерттеулер институты

Мақсаты

Институттың негізгі мақсаты - іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, белгіленген қызмет саласында ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша жаһанды бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар ғылыми іргелі зерттеулердің сапалы деңгейін көтеру және оларды практикада белсенді қолдану болып табылады. Сонымен бірге А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университет қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.

Белгіленген мақсатқа сәйкес институт қызметінің ғылыми бағыты шеңберіндегі негізгі міндеттер:  

  • Университет миссиясы мен пайымдауы шеңберінде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті бағыттары бойынша іргелі зерттеулер жүргізу;
  • Университет профиліне сәйкес ғылыми зерттеулер бағыттары бойынша халықаралық тәжірибе мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты зерттеу, талдап қорыту және дамыту;
  • Ғылыми және білім беру қызметін интеграциялау үшін жағдай жасау, атап айтқанда білім беру процесіне ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикалық қолдануға және енгізуге жәрдемдесу;
  • Ғылымның кадрлық әлеуетін дамыту, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды ұдайы толықтыру;
  • Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, жоғары оқу орны ғылымының әлемдік ғылыми жобаға интеграциялау;
  • Нәтижелі фундаментальды ғылыми зерттеулер мен іздестіру ғылыми зерттеулердің қолданбалы ғылыми зерттеулер сатысына көшуінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету,

Мақсаты мен негізгі міндеттеріне сәйкес іргелі зерттеулер институты келесі функцияларды жүзеге асырады:

Іргелі ғылыми зерттеулер мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:

  • жыл сайын іргелі ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын өңдеу, сонымен қатар  ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде қаржыландырылатын ҒЗЖ жобалар Тізбесін әзірлеу;
  • жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыстарды ғылыми-техникалық бағдарламалар мен мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде ұйымдастыру, іргелі зерттеулер бойынша ҒЗЖ сараптама жүргізу және іріктеуді қоса алғанда, ҚМУ бас ұйым болып табылады;
  • факультеттер және кафедралармен бірге негізгі ғылыми бағыттарды қалыптастыру, олардың мамандарды даярлау бейіндерімен байланысын анықтау және ҒЗЖ іргелі зерттеулерінің барлық бағыттары бойынша жоспарлауды ұйымда-стыру;
  • республикалық, облыстық және басқа да бағдарламалар шеңберінде, сондай-ақ ғылыми іргелі қызметті қолдау қорлары аясында өтетін гранттарды алуға арналған конкурстарға қатысу;
  • іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға және қызмет көрсетуге шарт жасау үшін ұсынылған құжаттар мен материалдарды дайындау және тексеру;
  • қазіргі заманғы ғылыми деңгейде іргелі зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуын және қызмет көрсетуді ұйымдастырады, жүргізілетін жұмыстардың жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді;
  • белгіленген тәртіпте Тапсырыс берушімен келісілген бекітілген техникалық тапсырмаларға, бағдарламаларға және басқа да шарттарға сәйкес іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының уақтылы орындалуын және қызмет көрсетуді бақылауды жүзеге асырады;
  • штаттағы ПОҚ, докторанттар, магистранттар мен студенттерден тұратын уақытша шығармашылық ұжымдарды құрады, оның ішінде келісім-шарт негізінде басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың мамандарын тарта отырып; қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы ретінде басқа ұйымдарды тартады;
  • аяқталған жұмыстар мен жеке кезеңдер бойынша құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуде және тапсырыс берушілерге ұсынуда тақырыптар жетекшілеріне көмек көрсету мен бақылауды  жүзеге асырады;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігіне, мемлекеттік статистика органдарына ұсынылатын іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептіліктің, сондай-ақ ІЗИ құзыреті шегінде орналасқан қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да есептіліктің уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету саласында:

  • іргелі ғылыми зерттеулермен жүргізілетін ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
  • іргелі ғылыми зерттеулерді орындау және әзірлемелерді жасау үшін университеттің инфрақұрылымын қалыптастырады және дамытады;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
  • университет қызметкерлерінің, докторанттардың, магистранттар мен студенттердің грант конкурстарына, әртүрлі деңгейдегі ғылыми бағдарламаларға және басқа да іргелі ғылыми зерттеулерге, инновациялық жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады;
  • ғылыми (ғылыми-практикалық) конференцияларға (форумдар, симпозиумдар, іскерлік кездесулер және т. б.) ұйымдастыруға) қатысады.

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен есепке алуды ұйымдастыру саласында:

  • ҒЗЖ координациясын, ІЗИ қызметінің барлық бағыттары бойынша есеп және есеп беруді ұйымдастырады;
  • Тақырыптың біртұтастығы мен кешенділігін қамтамасыз ету, іргелі зерттеулерді озық дамыту және оқу процесінде ҒЗЖ нәтижелерін жүйелі түрде қолдану мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайтын бөлімшелер мен кафедралардың жұмысын үйлестіреді;
  • ҒЗЖ орындауға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға бақылау жүргізеді;
  • ғылыми-техникалық бағдарламалар, гранттар, ғылыми және т. б. жобалар шеңберінде ҒЗЖ барлық бағыттары бойынша жоспарлау мен есептілікті және олардың тиімділігін талдауды ұйымдастырады;
  • іргелі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржылық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді және бекітуге ұсынады;
  • іргелі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстар сметасын тексереді және бекітеді, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

 

Ғылыми зерттеулердің оқу процесімен байланысы саласында:

  • жоғары білімді дамыту мен жетілдіру саласында іргелі ғылыми зерттеулер әзірлеуді ұйымдастырады;
  • студенттердің ғылыми жұмыстарына басшылық жасауға, сондай-ақ дәріс оқуға, семинарлар өткізуге және қосымша қызмет көрсету жағдайында басқа да сабақ түрлерін өткізуге ІЗИ штаттағы қызметкерлерін тартуға жәрдемдеседі;
  • докторанттарға, магистранттарға және студенттерге ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, оның ішінде студенттік жұмыстар мен жобаларды, оқу-зерттеу жұмыстарын орындау мен өндірістік практикадан өту үшін өзінің зертханалық базасын ұсынады.
  • университеттің мүдделі кадрларымен және қоғамдық ұйымдармен бірге студенттік ғылыми қоғамдардың, зертханалардың, ғылыми-өндірістік ұжымдардың және студенттердің ғылыми шығармашылығының басқа да түрлерінің қызметін ұйымдастырады.

Республикалық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын үйлестіру, бірлескен іргелі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер және т. б. өткізу, шығармашылық ынтымақтастық туралы шарттар жасасу арқылы басқа жоғары оқу орындарымен, Ұлттық Ғылым Академиясының мекемелерімен, ғылыми-зерттеу, жобалау институттарымен, кәсіпорындармен, соның ішінде шетелдік кәсіпорындармен байланыста іргелі ғылыми зерттеулер жүргізеді және белгіленген тәртіппен байланысты жүзеге асырады.

Іргелі ғылыми зерттеулердің бағыттары:

Бағдарланған іргелі зерттеулерді белгілеу алдағы перспективада күтілетін нақты ғылыми нәтижелерді көрсету қажеттілігімен негізделген, олардың одан әрі дамуы ҒЗТКЖ қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының негізі болуы мүмкін.

 

Осы жоспар бойынша барлық зерттеулер нақты белгіленген қаржыландырумен басым бағыттар бойынша бөлінеді:

  • Мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру бағыттары мен тақырыптары;
  • мемлекеттік бюджеттен ішінара қаржыландыруды бюджеттен тыс қаржы немесе аймақтық бюджеттердің қаражатын тарта отырып;
  • Бюджет қаражатын тартусыз арқылы, бұл бастамашылық тақырыптар, бағыттар;
  • Халықаралық ұйымдар қаржыландыратын гранттар.

 

Іргелі зерттеулердің негізгі бағыттары нақты ғылымның 8 позициясында көрсетілген:

  • Физика-математика ғылымдары;
  • Техникалық ғылымдар;
  • Энергетика және энергия үнемдеу;
  • Информатика, цифрландыру, робототехника;
  • Химия ғылымдары мен материалдар туралы ғылымдар;
  • Табиғи шикізатты (оның ішінде газ, мұнай, көмір), органикалық және минералдық шикізатты өңдеудің тиімді экологиялық таза және барынша қауіпсіз технологиялық процестерін әзірлеу
  • Биологиялық ғылымдар;
  • Жер туралы ғылым;
  • Қарқынды техногендік әсер ету аймақтарындағы Қазақстанның табиғи-аумақтық кешендерінің өзгеруі, табиғатты ұтымды пайдалану негіздері;
  • Қоғамдық ғылымдар;
  • Тарих-филология ғылымдары.
КГУ