Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да Халықаралық ұстаздар күні аталып өтілді

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында 3-ші қазан күні Халықаралық ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Шараның бас қонақтары өз өмірін ұстаздыққа арнаған профессор-оқытушыларымыз болды.

Ұстаздарды мерекемен ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Женіс Жарлығасов құттықтап, оларға ҚМУ ректоры Хусаин Валиевтің атынан білімді дамытудағы зор еңбегі, мамандарды дайындаудағы жоғары біліктілігі мен университеттегі ұзақ еңбегі, білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және жетілдірудегі елеулі табыстары үшін құрмет грамоталарын табыс етті.

ЖОО-ң өнерпаз студенттері оқытушылардың құрметіне ән айтып, би биледі. Тыңдаушыларға  «Ұстаздар» әнін орындаған 1-ші курстың студенттері Айзере мен Жансая мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Студенттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде оқытушының еңбегі зор. Сондықтан да профессор-оқытушылар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде шығармашылық табыс тілейміз!  


PDF