Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Байтұрсынов оқулары – 2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2017 жылдың 21-ші сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Елдің технологиялық модернизациясы мен жаһандық бәсекелестігін жылдамдатудағы ғылым мен тәжірибенің үлесі» тақырыбындағы «Байтұрсынов оқулары – 2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара А. Байтұрсынұлының 145 жылдығына арналды.

Конференцияға ұйымдардың басшылары, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, жоо профессорлық-оқытушылар ұжымы, докторанттар, магистранттар және журналистер қатысты. Жалпы 400 адам.

Конференцияның жұмысы ҚМУ ректоры Хусаин Валиевтің құттықтау сөзінен басталды. Хусаин Хасенұлы халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың өтуі тек Қазақстанның түкпір-түпкірінен келген ғалымдармен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерімен шектелмей, шетелдік ғалымдардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен кеңінен танысуға үлкен мүмкіндік беретіндігін айтты. Ректор өз сөзін қорытындылай келе, іс-шараның қатысушыларына ашық аспан, мықты денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.

Конференцияда ғалымдар Қазақстанның үшінші жаңғыруы, экономикалық өсудің жаңа моделі сұрақтарын қарастырды.

Казақстаннан, Чехиядан, Ресейден келген белгілі ғалымдар пленарлық отырыста баяндама оқыды. Олар:

1. Витезслав Вилимек – доктор PhD, философия факультеті, Остравский университеті, Чехия.

2. Успенская Майя Валерьевна – т.ғ.д., профессор, отын-энергетикалық кешен ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті ақпараттық технологиялар, механика және оптика, РФ.

3. Шерьязов Сәкен Койшыбайұлы – д.т.н., профессор, ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау кафедрасы, аграрлық өндіріс институты, Челябі қаласы, РФ.

4. Қолдыбаев Сафар Абдуғалиұлы  – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚМУ-дың философия кафедрасының меңгерушісі.

Конференцияның жұмысы 6 секцияда жүзеге асты. Онда білім беруде және жалпы жоо ғылымында туындаған мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

Қатысушылар мен арнайы шақырылған қонақтардың айтуы бойынша конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы  Алла Чечёткина


PDF