Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ ғалымдары Тулуза ұлттық ветеринарлық мектебінде «Эпидемиологияның негіздері» бойынша оқытудан өтті

Халықаралық Twinning жобасын жүзеге асыру мақсатында Тулуза ұлттық ветеринарлық мектебінде (Франция) мамыр айының 28-н маусымның 8-і аралығында «Эпидемиологияның негіздері» бойынша ветеринарлық факультеттердің оқытушылары үшін арнайы оқыту курстары өтті.

Курста зерттелген тақырыптар:

1. Эпидемиологияның негізгі принциптері

2. Эпидемиологияны қолдану шеңбері

3. Сынамаларды іріктеу стратегиясы

4. Эпидемиология саласындағы ақпараттық ресурстар

5. Жұқпаның жиілігін есептеу

6. Жұқпалы аурулардың жандануын зерттеу

7. Скрининг пен диагностикалық тестердің нәтижелерін түсіндіру

8. Тулуза ұлттық мектебінде дәрігерлерді даярлауға арналған оқыту бағдарламаларын зерттеу.

«Эпидемиологияның негіздері бойынша курс тыңдаушыларын даярлау барысында өндірістен әртүрлі статистикалық мысалдар келтіріліп, үлкен аналитикалық жұмыс жасалды. Жануарларда әр түрлі аурулардың пайда болуы, жұғу жолдары туралы білім алу мен үшін құнды ақпарат болды. Алдағы уақытта алған білімдерімізді эпизоотиялық жағдайды үздік бақылау үшін қолданылатын боламыз», - дейді ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің деканы Азамат Исабаев.  

Шетелдік ғалымдар біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың ерекшеліктеріне және сапалы ветеринарлық білім берудің маңыздылығына жеке тоқталып, өзара тәжірибемен алмасты.

Курстарды тәмамдау барысында ғалымдар өткен тақырыптар бойынша қорытынды жұмыс өткізіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, іс-сапардың соңында олар зертханалар мен ветеринарлық емдеу мекемелеріне барды.

 


PDF