Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

КВН. Ректор Кубогі 2017

Сәуірдің 5-і күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында КВН-ң орыс командаларының арасында финал ойыны өтті. 

Шараның басты мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін көтеру, ұжымдық жұмысты, ынтымақтастықты дамыту.

Финалға бес топ шықты: «Чикаго булс», «Сборная ветеринарного факультета», «КГУ мэн» АБФ, «ОК ГУГЛ» АТФ, «Аксиома» ИТФ, «Финансовые монстры» ЭФ.

Іс-шарада ойынның әділ өтуін қадағалап, баға берген әділқазылар алқасының құрамында:

1. Арман Жолданов – «Стиль на» КВН командасының капитаны, «В бой идут одни старики», «Сосновый бор» КВН командаларының мүшесі.

2. Ислам Есназаров – біздің университетіміздің түлегі, "#Удрузей" спорт-бардың, «Драйв» фитнесс-клубтың және «Ренис» жарнама агенттігінің директоры.

3. Алла Чечеткина – ҚМУ-дың баспасөз хатшысы;

4. Рүстем Бейшов – ҚМУ-дың кәсіподақ ұйымының төрағасы;

5. Болат Қалиев – ҚМУ-дың жастар бастамаларын дамыту орталығының жетекшісі;

6. Дастан Куантаев – ҚМУ-дың түлегі, ректор Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы, «HOLLYWOOD» КВН командасының мүшесі, хабар телеарнасындағы әзіл-сықақ жастар жобасының қатысушысы болды.

Ойын екі бөлімнен құралды: визитка және музыкалық үй тапсырмасы. Ақтық финал ойындарын тамашалауға әр команданың жанкүйерлері келді. Залдың ішінде аяқ басатын орын болмады. Қатысушы командалар бар өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарыстың нәтижесі бойынша ректор Кубогін жеңіп, 2017 жылдың ең үздік  КВН командасы «Чикаго булс» атанды. Екінші орынды экономикалық факультеттің «Финансовые монстры» КВН командасы алса, үшінші орынның иегерлері ақпараттық технологиялар факультетінің «ОК ГУГЛ» КВН командасы жеңіп алды. «Ең үздік актриса» атағын экономикалық факультеттің 1-ші курс студенті, «Финансовые монстры» командасының мүшесі Дарина Калимжанова иеленді. Ал, «Ең үздік актер» атағын «КГУ мэн» КВН командасының өкілі Бекжан Есетов алды.

Іс-шара соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды құттықтап, медальдар мен сертификаттар ұсынды. Жастардың айтуы бойынша жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

КВН-ің фотосуреттері.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина


PDF