Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 31 наурызында Ахаң атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде А. Байтұрсынұлының туғанына 145 жылдығына орай «Заманауи студенттік ғылымның өзекті тақырыптары: мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Азаматтық Авиация академиясының (Алматы қ.),  Қ. Жұбанов ат. АӨМУ (Ақтөбе қ.), Шәкәрім ат. МУ (Семей қ.), Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (Астана қ.), С.Сейфуллин ат. ҚАУ (Астана қ.), Қазтұтынуодағы ҚЭУ (Қарағанды қ.),   Волгоград МАУ(Ресей, Волгоград қ.), Орынбор МАУ (Ресей, Орынбор қ.), Белорус МАУ (Беларус, Минск қ.),   Янки Купал атындағы Гродно МУ (Беларус, Гродно қ.) және біздің университетіміздің студенттері қатысты. 

Конференция ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының бастығы Коваль Андрей Петровичтің құттықтау сөзінен басталды. Ол өз сөзінде осындай ғылыми іс-шараладың жоо-да дәстүрлі түрде өткізілудің маңыздылығын белгілеп айтты. Сонымен қатар, экономика кафедрасының профессоры Жиентаев Сансызбай Мұхаметқалиұлы мен философия кафедрасының аға оқытушысы Качеев Денис Анатольевич конференцияның қатысушыларына сәттілік тіледі.

Іс-шараның жұмысы 7 секцияда жүзеге асты.

1-ші секция – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

2-ші секция – Тарих және заң ғылымдары;

3-ші секция – Экономикалық ғылымдар;

4-ші секция – Физико-математикалық және ақпараттық ғылымдар;

5-ші секция – Аграрлық-биологиялық ғылымдар;

6-шы секция – Инженерлік-техникалық ғылымдар;

7-ші секция – Ветеринарлық және ауылшаруашылық ғылымдар.

Қатысушылардың баяндамалары тыңдалған соң, әділқазылар алқасы барлық жұмыстардың ішінен жеңімпаздарды анықтады.

Конференцияға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен жетекшілерге алғыс білдіріп, көпшілікке ұсынылған баяндамалардың тақырыптары алуан түрлі, әрі қызықты екенін атап өтті.


PDF