Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жоспарланған іс-шаралар. Гранттар, конкурстар, жобалар

Әртүрлі деңгейде дайын болған жұмыстарын талдауға беретін зерттеушілер үшін ғылыми семинарлар,  конференциялар, дөңгелек үстелдер ғылыми жұмысты ұйымдастырудың белді бір түрлері болып саналады.

 

ПОҚ, магистранттар мен студенттер үшін ҚМУ базасында түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық және ЖОО ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер әрдайым өткізіліп тұрады. 

 

Қазіргі күнде, ақпараттық технологиялар дамыған кезде, сырттай өтетін конференциялар, интернет-конференциялар, скайп- немесе он-лайн семинарлар мен пікір алысудың басқа да түрлері кеңінен тарап тұр.

 

Жыл сайын, қаңтар-наурыз айларында факультеттік және университеттік кезеңдерден тұратын Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Үздік жұмыстар жүлдемен және грамотармен марапатталып, студенттердің Республикалық ғылыми конкурсна жіберіледі.

 

Сәуір айында университеттің ғылыми өміріндегі маңызды бір шара – дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Байтұрсынов оқулары» өтеді. Бұл шара аймағында жүздеген қазақстандық және шетелдік ЖОО-ның ғалымдары, ҚР білім жүйесінің, облыс және Қостанай қаласының әкімшілігінің өкілдері, еліміздің ЖОО-ның ректорлары бас қосады.

 

 

Түрлі нақты инновациялық және кәсіпкерлік үрдістерге оқушы жастарды тарту үшін университетте жыл сайын «Парасатты  жастар» атты студенттердің бизнес-жобаларының конкурсы өткізіліп тұрады.

 


PDF