Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Кадрларды даярлауға жұмыс берушілерді қатыстырудың жаңа әдістері

 

Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайларда сәтті қалыптасып, қызмет атқаруы коп жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйе мен бизнес-бірлестіктердің тығыз қарым-қатынасына тәуелді. Тұтынушылармен байланыста болу және түлектердің оқудан кейін жұмыспен қамтамасыз етілуі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстиетінде өз аймақтық ерекшелігіне ие. Біздің университет эгидасының негізінде аймақтық білім беру кластерін қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл жоғары оқу орнының құқықтық және қаржылық бөлімдерінің аймақ экономикасының инновациялық және техникалық инфрақұрылымына ену негізін қалайды.


 

 

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға жұмыс берушілерді қатыстырудың дәстүрлі нысандарына соңғы жылдары жаңа түрлер мен әдістер қосылды. Жоғары оқу орындарының қарқынды бәсекесінің шарттарында тұтынушылармен байланыс орнату студенттің жоғары курсқа ауысуынан кейін емес, және тіпті, бұрындары болғандай, оқу орнын бітіргеннен кейін басталмайды. Ол студентті таңдауға дейін, мамандық шеңберінде жеке білім беру бағдарламалар жинағы қалыптасып, эликтивті пәндердің құрылымы мен мазмұны таңдалғаннан бастап, оқу процесінің шеңберінде жалғасын тауып, одан кейінгі жұмыс берушілермен қалыпты байланыс негізінде жұмысқа орналасу және мансап мониторингіне ауысады. 

 

 

 

 

Білім беру бағдарламасының құрылымы 

 

Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орнының компоненті бакалавриатта 70%-ға, магистратурада – 80%-ға, докторантурада – 90-95%-ға дейін жоғарылады. Эликтивті пәндердің тізімі мен мазмұны жоғары оқу орнының өз тарапымен анықталады. Мұның барлығы бүгінгі күннің өзінде білім беру бағдарламалары бойынша еңбек нарығының қажеттілігіне орай мамандарды жеке даярлаудың жүзеге асырылуына жол береді. Міндетті компоненттің пәндері барлық студенттерге оқытылады, бұл базалық даярлау болып табылады. Эликтивті пәндерді таңдау арқылы арнайы білім беру бағдарламалары даярланады, және студенттер арасында эликтивті пәндерді таңдауда орынсыз таңдауларды болдырмас үшін бұл пәндер екі топқа бөлінген: жалпы және білім беру бағдарламасын анықтаушы пәндер. Соңғылары болашақ маманға таңдап алған оқу бағдарламасының шеңберінде нақты қызмет саласына бағытталған кәсіби дағдылар мен құзыреттердің тұрақты тізімін алуға көмектеседі. Жұмыс берушілердің тілектерін есепке ала отырып, білім алушыға, ереже бойынша, осындай бағдарламалардың бір-екі түрі таңдауға ұсынылады. 


 

 

Кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын қолдану 

 

Жұмыс берушілер тек қана оқу білім беру бағдарламаларының қалыптасуына қатысып қана қоймай, онымен қоса, оқу процесін ұйымдастыру үшін өздерінің материалды-техникалық базасын ұсынады. Мысалы, «Зоотехния» және «Азық түлік тағамдары технологиясы» мамандықтарының студенттері үшін «Қазақ-Тұлпары» ЖШС биотехнология зертханасында іріктеу мен биотехнология, жылқы өсіру, сүт пен жылқы етін өндіру технологиясы бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал «Мяско» кәсіпорнында студенттер үшін ет және ет өнімдерін жасап шығару технологиясы, арнайы қажет құралдармен, стендтермен, оқу матеиалдарымен жабдықталған оқу сыныбында ет саласы бойынша есеп пен есеп беру бойынша сабақтар өткізіледі.

 

 

Студенттерді қазіргі заманғы жаңа құралдарда оқыту керек. Бірақ жоғары оқу орындарының материалды-техникалық базасы әзірге жиі жағдайларда ондай мүмкіндіктері болмай қалады, бір сәтте-ақ қазіргі заманғы жаңа оқу-зертханалық құрылғыларды сатып алу мүмкін емес. Ол үшін өте үлкен қаражат қажет. Шешім тек біреу ғана – алда келе жатқан кәсіпорындармен байланыс орнатып, олардың базасында кафедра филиалдарын ашып, студенттер сол кәсіпорындарда даярлаудан өтіп, жаңашыл технологияларға рұқсат алу үшін келісімге келу қажет. Яғни, бұл жерде сөз оқу-ғылыми-өндірістік бірлестік немесе кластерді жасау жөнінде айтылып тұр. Осындай тығыз қарым-қатынассыз жаңашыл бәсекеге қабілетті маманды даярлап шығу мүмкін емес

 

 

 

 

Жоғары оқу орнын корпоративті басқару 

 

 

Өндіріс және жоғары оқу орнының әрекеттесуіне ҚМУ түлектері мен қамқоршылары ассоциациясы және факультеттердің қамқоршылық кеңестері зор көмек көрсетеді, әсіресе, аймақтық еңбек нарығының талаптарына білім беру бағдарламаларының мазмұнын даярлау және тәжірибеден өту, жұмысқа орналасу бойынша. ҚМУ түлектері мен қамқоршылары ассоциациясы өз еріктерімен сапалы білім берудің білікті кадрларын даярлауға, университеттің тұрақты дамуына, оның жоғары білікті мамандарды – Солтүстік Қазақстанның кәсіби мамандарын даярлау орталғы ретінде қалыптастыру және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге ат салысқасы келетін түлектерді, бизнес және мемлекеттік құрылымдар басшыларының басын қосады. 

 

 

ҚМУ қамқоршылық кеңестерін құру басқарудың жаңа корпоративті жүйесіне ауысуға негіз болды. Барлық факультеттердің қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, Қостанай облысының БАҚ редакторлары клубының төрағасы университетті корпоративті басқарудың жоғары органының – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоциациясы Кеңесінің құрамына кіреді. Осы тараптан, білім беру сапасын басқару және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға қоғамдастық пен өндірістікті енгізу механизмі пайда болады. Қамқоршылық кеңестердің көмегінің арқасында бүгінгі күні біздің студенттер тек тікелей БАҚ, өзге құрылымдарды, банк филиалдарында өз білімдерін бекітіп, тәжірибелік дағдыларды ала отырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік практикалардан өтіп, дипломдық жұмыстарды жазып, және нәтижесінде жұмысқа орналасады. 

 

 

 

Жұмыс берушілер мен университет факультеттерінің бірігіп әрекет етіу туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қамқоршылық кеңесі ұсыныс білдірді, ал біздің зерттеулер білім беру саясатын жетілдіру қажеттілігін растады, ол оқу процесіне құрылымдық қарым-қатынасты және топта жұмыс істей білу дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытатын қосымша пәндерді енгізу арқылы жүзеге асырылады: «Іскерлік этикет», «Бәсекеге қабілетті тұлға психологиясы», «Қоғаммен байланыс жүргізудің жаңашыл технологиялары», осылар жүзеге асырылды, және қазіргі таңда коммуникация, мансапты басқару, келіссөздер жүргізу, презентациялар өткізу және т.б. дағдыларды қалыптастыруда оңды нәтижелерін көрсетуде. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері – Қостанай облысының жетекші БАҚ редакторлары студенттермен тәжірибелік жұмыстарды өткізуге көбірек уақыт бөлуге ұсыныс білдірді. Нәтижесінде, оқу процесіне «үздіксіз» практика енгізілді, оның барысында журналист-студенттер аптасына бір күн телеэфирде, радиода, жергілікті газеттер мен журналдар редакцияларында қызмет атқарады, сол жерлерде олар журналист қызметін іштей танып біледі. Ал практика нәтижесі кредит түрінде есептеледі. 

 

 

 

Білім беру процесінің тәжірибелік-бағдарлық бағыты 

 

 

Бірнеше жылдар бойы біздің тарапымыздан жоспарлы кезең бойынша оқу процесіндегі  сабақты өткізудің практикалық нысандарға және студенттердің өздік жұмыстарына қарай өзгертіп жасау процесі жүргізіліп келе жатыр. Дәрістер саны айтарлықтай азайды, енді олар қарастыру және мәселелік дәріс нысандарда өткізіледі, сонымен қатар жиі жағдайда оларды жетекші тәжірибелі мамандар немесе шақырылған академик-профессорлар жүргізеді. Қазіргі таңда бізде студенттердің өздік жұмыстарын жемісті жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалынып отыр. Өздік жұмыстардың топтық нысандарының өткізілуі кәсіпорындардағы кафедра филиалдарына барып тәжірибе өтумен сәтті орындалады. Кейбір мамандықтар қатарында кәсіби практиканы сабақты үзбей жүргізу басталы, яғни алынған білімдер бірден іске асырылып, кейінге қалдырылмайды. Мысалы, 5В072400-Технологиялық машиналар мен құрылғылар мамандығының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді, соның нәтижесінде өндірістік практика үздіксіз практикаға ауысып, «Технологиялық машиналар жөндеу және қолдану», «Металл кесуші станоктар мен технологиялық түзулерді жөндеу және қолдану», «Машина құралдарын өңдеу технологиялары» пәндері бойынша сабақтар тікелей «Агромашхолдинг» АҚ Қостанай филиалының өндірістік базасында жүргізіледі.  

 


«Автокөліктерді зерттеу және қызмет көрсетудің жаңашыл құралдарын қолдану технологиясы» пәнінің теоретикалық материалын жақсы меңгеру және автокөліктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын мамандардың талаптарына сәйкес практикалық дағдыларды алу үшін, 5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиясы мамандығының студенттері кестесінде Қостанай қ. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде сабақ өткізілуі қарастырылған. «Автодом Костанай» ЖШС, «AUTOPLANET» ЖШС, «Тобол Моторс» ЖШС, «Тойота центр Костанай» ЖШС жасалған келісімшарттар шеңберінде, осы кәсіпорындарда техникалық сервис кафедраларының филиалдары ашылды. Жұмыс берушілердің тілектеріне орай оқу бағдарламасына «Транспорттық техниканы жинақтау» пәні енгізілді, осы пәннің практикалық сабақтары «Chance»,  «Ssan Yong» автокөліктерін жинаумен айналысатын  «Агромашхолдинг» АҚ өтеді, және  «Уаз» и «Iveko» автокөліктерін жинаумен айналысатын «СарыАркаАвтоПром» ЖШС да жүргізіледі. Осындай мысалдардың әлі бірталайын келтіруге болады. 

 

 

Университетте Қазақстан Республикасының  2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының бағдарламасы бойынша мынадай өндірістік кәсіпорындармен келісімшарттар жасалған: «Агромашхолдинг» АҚ, «Қарасу - ЕТ» ЖШС, «Қараман-К» ЖШС, «Костанайский Мелькомбинат» АҚ, «Садчиковское» ЖШС және т.б. Университетте ұйымдастырылатын барлық практикалар табиғи, өндірістік жағдайларға бағдарланған, таңдалған траекториялар шеңберінде өзіндік бағдарламалары бар. Ветеринария мамандығының студенттері жануарларға екпе жасау бойынша жұмыс атқарады, олар бұл тендерді оқытушыларымен бірге байқауға қатысып, ұтып алған еді. Болашақ инженерлер практиканы «Агромашхолдинг» зауытында өтеді, қозғалтқыштарды жинап, сол жерде барып оқитын сабақтарды өткізеді. Облыстың ірі кәсіпорындарында кафедра филиалдары ашылған.    

 

 

 

Инновациялық білім беру мамандарды даярлауда ғылыми және білім беру компонентінің тығыз әрекетінсіз жүзеге асырылмайды. Ол білім беру зерттеулер арқылы жүргізіледі. Алайда, оның бір өте маңызды шарты бар: ғылыми зерттеулердің өздері шынайы, өзекті, ал ең бастысы – ғылымның алдағы қырында болуы қажет. Зерттеулерде құрылғылармен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың инновациялық технологияларын қолдану маңызды. Бүгінгі таңда бұл аймақтық жоғары оқу орындарының дамуының басты артықшылығы. Орындалатын жұмыстардың тәжірибелік-бағдарлығын нығайту қажет, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың берген сұраныстарына орай олардың да санын өсіру. Сонымен бірге, студенттерді бизнес-жобаларды құрастыруға үйрету қажет, лайықты, істеуге тұрарлық жұмыстардың одан әрі дамуына көмек көрсету керек. Дипломдық жобалар (жұмыстар) басшылық жасауға және оларды рецензиялауға тәжірибелі мамандарды қатыстырған жөн. Дипломдық жобалауда қазіргі заманауи өндірістік құрылығыларды, кәсіпорындар мен ұйымдардың, түлектерді шығарушы кафедралар филиалдарының өндірістегі инновациялық технологияларын  қолдану маңызды. 

 

 

Бұл тарапта А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жыл сайын қызығушылығы бар жұмыс берушілердің қатысуымен студенттік бизнес-жобалар байқауы өткізіледі. Бұдан бәрі тек жеңіс табады: студент шаруашылықтың  қандай түрінде, саласында жұмыс істесе де өз өміріне қажетті дағдыларға үйренеді: ойларының дербестігі, бір нәрсеге нақты назарын аударуы, өз білім қорын үздіксіз толтырып отыру, пайда болатын қиын мәселелерге жан-жақты көзқараспен қарау, қарапайым тілмен айтқанда, терең оймен және мақсатты түрде жұмыс атқара білуге дағдыланады. Кәсіпорындар лайықты жұмысшылар табады, ал олар, жоғарыда аталған қасиеттерге ие болғандықтан, өзіне жүктелген міндеттерді нәтижелі түрде орындай алады. Студенттердің ғылыми зерттеулерін жүргізуге нақты уәждеме пайда болады – өзін шынайы экономика секторында көрсете алып, лайықты жұмысқа орналасу мүмкіндігі. 

 

         

 

 

Білім беру процесінің технологиясы

 

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті білім беру кластерінің үлгісі шеңберінде әлеуметтік әріптестік жүзеге асырылады. Бүгін біз кадрларды даярлау технологиясын өзгерттік, негізгі назарды түлектердің құзыреттілігін қалыптастыруға бұрып, олардың кәсіпорындарда жұмыс атқарған бірінші күннен бастап кәсіби қызметінде жүзеге сәтті асырылуы үшін жасалды.

 

Осылайша, бірінші курс студенттеріне арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен кафедралық апталықтарда кәсіпорындардың жұмыскерлерімен кездесулер өткізіледі, онда студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері жөнінде сұрақтарды тікелей қойып, жауап ала алады. Бірінші курстан бастап, студенттер тәжірибелі шаруашылықтарда, клиникаларда, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда оқу практикасынан өтеді. Онда студенттер өздері таңдаған мамандықтарына сәйкес бастапқы кәсіби ептілік пен дағдыларды үйреніп, өндірістік процестермен танысады. Бірінші курс студенттерімен осы тектес жұмыс жүргізу нысандары оларға таңдаған мамандықтарын таңдағандарында қателік болмағанын дәлелдеп, және, егер қажет болса, даярлық бағытын өзгертуге мүмкіндік беріледі. 


2 курста студенттер мағыналы түрде қандай да бір білім беру бағдарламасын таңдайды. Жұмыс берушілермен сәтті әрекет етудің дамуының нәтижесінде біз кәсіпорындар мен ұйымдардың талаптарын есепке ала отырып, оқу курстары мен жаңа білім беру бағдармаларының санын бірталай көбейтіп, жұмыс берушілер мен тәжірибелі мамандар ұсынған құзыреттік амал негізіндегі кеңестерге құлақ түрдік. Мысалы, «Технологиялық машиналар мен құрылғылар» мамандығы бойынша студенттер таңдау бойынша екі білім беру бағдарламасын таңдай алады: «Металлдарды өңдеу» және «Ауылшаруашылық машина өңдеу технологиясы», ал «Өңдеу өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша  - екі білім беру бағдарламасы «Астықты қабылдау және сақтау технологиясы» мен «Нан, макарондық және кондитерлік өнімдер технологиясы».    

 

3 курстапрактикалық сабақтардың көп бөлігі өндірісе өткізіледі. Біз тек практикалық сабақтардың көлемін арттырып қана қоймай, сабақтардың өндіріс жағдайларында өткізілуін ұйымдастырып, қамтамасыз етеміз. Онымен бірге, оқытудың нәтижелілігі біршама жоғарылайды, яғни, студент күнінің жарты бөлігін өндірісте жұмыс атқарумен өткізіп, түстен кейін оқытушылармен бірге дәрісханаларда сабақ оқыса, ол алынған білімдерді жан-жақты талдап, қайта бекітеді, интерактивті нысандарда қарастырады, пәннің теориялық қырларын тереңірек зерттейді. Осылайша, білімдердің бекітілуі мен кәсіби дағдылар мен ептіліктің қалыптасуы пәнді теориялық жағынан меңгеру кезінде жүзеге асырылып отырады. 

      

              

 

3-4 курстарда кәсіби практикадан өту мерзімінде, қажетті өндірістік құзыреттіліктердің пайда болуы жүзеге асырылады. Кәсіби практикалар табиғи өндірістік жағдайларға бағытталып жасалған. Жұмыс берушілер практика өту үшін базаны беріп қана қоймай, кәсіби практикалар мен студенттердің стажировкаларын бағалауға да қатысып отырады. Соңғы курста, заманауи құрылғыларда практикалық жұмыс жүргізуді үйренгеннен кейін, алда келе жатқан жаңа технологиялардың барлық жаңалықтарын қолданып, осы кәсіпорындардың базаларында студенттер өздерінің ғылыми жұмыстары мен дипломдық жобаларын дипломдық жобалаудың шеңберінде орындайды. 

 

 

3 курстың өзінде білім алушылар нақты жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынастар орнатып, практика кезеңдері мен жазғы демалыс уақыттары кезінде жұмыс істейді, заманауи құрылғыларда практикалық жұмыс жүргізуді үйреніп, алда келе жатқан жаңа технологиялардың барлық жаңалықтарын қолдануды үйренеді. Мысалы, «Турар» ЖШС (Камышное с., Федоров ауданы) және университет арасында екі жаққа да тиімді қарым-қатынас орнатылған. Еуропалық стандарттарға сай салынған ірі сүт-сауда фермасында ветеринария факультетінің студенттері практикадан өтеді, ал университет ғалымдары оларға өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынады, мысалы, сиырлардың буаздығын анықтаудың жаңа әдісі секілді жаңалықтар. Студенттер үшін кәсіпорын базасында жатақхана құрастырылған, тегін ас беріледі. Студенттер жануарларды ұстау (тамақтандыру, қамқор болу, сауу) және оларды көбейтудің жаңа технологияларын толық компьютеризация жағдайында үйренеді, Westfalia Surge фирмасының құралдары арқылы оқиды.  

 

Жұмыстың мұндай нысандары мен әдістері студенттерге шынайы өндірістің технологиялық процестеріне қатынасуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, тәжірибелі-құрылымдық және зерттеу жұмыстарын оқытушылар мен кәсіпорын мамандарымен бірге жүргізуге үйретеді.  

 

 

Кадрларды мақсатты даярлау 


 

Жұмыс берушілер бүгінгі таңда өз кәсіпорнының қажеттілігіне орай «жасалған» түлекті қашап шығару үшін даярлауға қатысуға дайын, ал университет өз оқу бағдарламаларын нақты кәсіпорындардың қажеттіліктеріне орай керекті түрде өзгертуге дайын, ол жөнінде міндетті түрде келісімшарт жасалып, қажет деген мамандар жұмылдырылады. Қазіргі таңда осы тектес келісімшарттардың 40-тан астамы кәсіпорындармен жасалып отыр, оның нәтижесінде мамандарды мақсатты түрде даярлау жүзеге асырылады. Мұндай жаңалықтың енгізілуі, біздің түлектерді біз оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамтамасыз етпей, ол оқып жатқан кезден бастап, белігілі бір кәсіпорынмен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы алдын-ала жұмыс мәселесін шешіп қоюға негізделген. Университетте өткізілетін «Вакансиялар жәрмеңкесі» жұмыс берушілерге тек қана түлектерді ғана емес, соңғы курс алдында оқып жатқан студенттермен де таңдау жүргізуге мүмкіндік береді. 


 

Қазіргі таңда жұмыс берушілердің университеттің білім беру қызметіне қатысу тәжірибесі қарқынды түрде дамып келе жатыр, өйткені жұмыс берушілерге еңбек нарығында өздеріне қажетті біліктілігі бар, жұмысқа бірден кірісіп кете алатын мамандарды таба алу кепілдігі қажет. Осылайша, өндірушілерді қатыстырудың жаңа әдістері жұмыс берушілерді кадрларды даярлауға қатыстыруға жол беріп, оқу процесінің практикалық негізін шынайы өндіріс жағдайлары мен заманауи материалдық базаларда өткізілуін қамтамасыз етіп қана қоймай, білім беру сапасын толық жоғарылатуға мүмкіндік берді. 


 

 



PDF