Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Заң факультетінде «Есірткіге қарсымыз» атты оқу сот процесі өтті

Білім беру және кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Қылмыстық-құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы С.Аралбаев Заң факультетінің арнайы №112  дәрісханасында Қостанай қаласының №17-ші орта мектебінің 11 және 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Есірткіге қарсымыз» атты оқу сот процесін өткізді.

Судьяның рөлінде аға оқытушы С. Aралбаев болса, прокурор мен адвокаттың рөлдерінде 11-ші сынып оқушылары Максим Цхай мен Владимир Бондаренко болды. Қалған оқушылар мен ата-аналар және 7 «г» сынып жетекшісі, жоғары дәрежелі мұғалім Б. Мақсұтова процеске қатысушылар ретінде сабақтың өтуін қадағалады. Процесс барысында, қылмыстық қудалау дәлелдері мен прокурордың, үш куәгердің және тәуелсіз сарапшының мәліметтері, сонымен қатар қорғаушы ретіндегі адвокаттың қорғау сөзі тыңдалды. 

Сот қарауынан соң «Есірткіге жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!» деген айыптау үкімі шығарылды.

     


PDF