Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

ҚМУ-дың заң факультетінде «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай «Студенттік ғылымның өзекті мәселелері: тарих, құқық, аймақтану» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Н. Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеттің студенттері, сондай-ақ, дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің оқушылары, конференция жинағына 100-ден астам баяндама дайындады. Олардың ішіндегі ең үздігі 4 бөлімде:

1. «Тарих ғылымы мен аймақтық зерттеулердің өзекті мәселелері» (модератор - Ибраев Е.Е., тарих кафедрасының аға оқытушысы)

2. «Заманауи Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғырту» (Модератор - Шунаева С.М., ғылым кандидаты, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті)

3. «ҚР азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының дамуының өзекті мәселелері» (модератор -.Алдабергенова А. И., магистрi, азаматтық құқық және процестің кафедрасының аға оқытушысы).

4. «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық пен процесті дамытудың тұжырымдамалық бағыттары» (Модератор - Майсатаева М. Ш., магистрi, аға оқытушы, қылмыстық құқық және процесс бөлімі).

Бөлімнің жеңімпаздары кафедрадан сыйлықтар мен кітаптар алды. Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Шалғымбекова басшылығымен «Озат» мектебінің оқушылары конференцияға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және ҚМУ тарих және құқық мамандықтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірді.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы ISBN-мен шығарылады.

 

 

 

 


PDF