Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Кейкі батыр: ерлік пен елдік тағылымы

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Білім орталығында 2017 жылдың 8-ші қарашасында «Кейкі батыр: ерлік пен елдік тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Маңызы зор іс-шараның модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықов болды. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында Кейкі батыр ұрпағы Сейітқали Қосжанов, философия ғылымдарының кандидаты, ҚМУ-дың профессоры Қалқаман Жақып, облыстық мұрағаттың маманы Әсемгүл Кадерманова, облыс орталығы студенттері, магистранттары мен докторанттары болды.

Іс-шарада 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс және Кейкі батырдың қаһармандық ерліктері, «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми ағартушылық экспедицияның атқарған жұмыстары, батыр турасындағы ел ішіндегі әңгімелер, Кейкі батыр есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында атқарылып жатқан істерді баяндау мәселелері қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-ағартушылық экспедициясы туралы көрсетілген фильм жиналған қауымның көңілінен шығып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Олар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.

        


PDF