Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті профессорлық-оқытушылық құрамының төмендегі орындарына конкурс жариялайды:   1. Кафедра меңгерушілері – 11: агрономия -1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 мемлекет және құқық теориясы – 1 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 қылмыстық құқық және  іс жүргізу – 1 Қазақстан тарихы – 1 психология және педагогика – 1 шетел тілдері – 1 экономика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 информатика – 1   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары орнынан кейнгі) білім, ғылыми дәреже, және педагогикалық қызметте немесе жетекші қызметінде кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі.             2. Кафедра профессорлары – 16: агрономия -1 ветеринарлық медицина – 3 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 Қазақстан тарихы – 2 шетел филологиясы – 1 психология және педагогика – 2 практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 1 экономика – 1 бухгалтерлік есеп және и аудит – 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 электрлік энергетика және физика – 1               Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.   3. Кафедра доценттері - 25: агрономия – 5 биология және химия – 2 өндіру мен стандарттау технологиясы – 2 мемлекет және құқық теориясы – 1 азаматтық құқық және іс жүргізу – 1 Қазақстан тарихы - 2 тіл және әдебиет теориясы – 1 психология және педагогика – 3 практикалық лингвистика – 1 экономика – 1 қаржы және банк ісі – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 машина құрылысы – 3 электрлік энергетика және физика – 2   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жөғары орнынан кейнгі)  білім, ғылыми дәреже,  ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде  5 жыл жұмыс өтілі.   4. Кафедра аға оқытушылары - 44: агрономия – 2 экология – 1 биология және химия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 3 (ғылым кандидаты, мемлекеттік тілді меңгерген) ветеринарлық медицина – 3 ветеринарлық санитария – 1 мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 4 азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 (1-ғылыми дәрежесі бар, және мемлекеттік тіл меңгерген, 1- мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгерген) қылмыстық құқық және іс жүргізу – 2 Қазақстан тарихы – 1 философия – 3 шетел филологиясы – 1 психология және педагогика – 1 мемлекеттік тілін меңгерген практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 2 экономика – 1 қаржы және банк ісі – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 ақпараттық жүйелер – 1 машина, трактор және автокөліктер – 2 машина құрылысы – 6 электрлік энергетика және физика – 1 дене және спорт дайындығы - 2   Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жөғары орнынан кейнгі) білім; ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде - 3 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде оқытушы қызметінде  -  кем дегенде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі, және/немесе ғылыми дәреже.   5. Кафедра оқытушылары – 33: агрономии – 1 экология – 1 биология және химия – 1 өндіру мен стандарттау технологиясы – 1 (6М072800 – Өңдеуші өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша техника и технология магистрі) ветеринарлық медицина – 3 азаматтық құқық және іс жүргізу – 2 қылмыстық құқық және іс жүргізу – 1 шетел филологиясы – 4   шетел тілдері – 1 практикалық лингвистика – 1 журналистика және коммуникациялық менеджменті – 2 экономика – 1 басқару және іскерлік әкімшілік – 1 математика – 2 информатика – 5 бағдарламалық қамтамасыз ету – 1 машина, трактор және автокөліктер – 1 машина құрылысы – 2 электрлік энергетика және физика – 1 дене және спорт дайындығы - 1   Біліктілік талаптары: 3 жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен жоғары  білім және/немесе магистрдің академиялық дәрежесі.   Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар университет ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:       1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;       2) өмірбаян;       3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелерін;       4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;       5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);       6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);       7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;       8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);       9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;       10) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.       Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.   Конкурс жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық орналастыру Ережелеріне сәйкес өткізіледі. Конкурсқа қажетті құжаттар аталған хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімі. Анықтама телефоны: 8-7142-51-11-65.
3 мамыр күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу залында Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында ҚМУ студенттері ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Соғыс ардагерлері сол бір сұрапыл жылдарын, әскери міндеттерін өтеу кезінде сарбаздардың  бастарынан өткерген қиындықтарын, оған қоса жалпы әскери қызмет жөнінде жастарға баяндап берді. Отанға деген махаббат және патриоттық сезім тақырыбында мағыналы, әрі мәнді сөздер айтылды. Мереке құрметіне факультет студенттері кішігірім концерт ұйымдастырды. Онда «Братские могилы», «Служба»  өлеңдері оқылып, «Идет солдат по городу» және «Сарбаздар әні» сынды әуендер шырқалды. Қонақтардың айтуынша студенттерді аға ұрпақтың жауынгерлік қасиеттеріне сай тәрбиелеу, ерлік жəне батырлық жайлы өлең оқу жастардың Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Соғыс майталмандары болашақ Отан қорғаушыларға батыл, ержүрек, тапқыр жəне ең бастысы Отанға адал болуларын тіледі. Кездесуді ұйымдастырушылар осындай тағылымы мол кездесулердің дәстүрлі түрде өтетіндігін айтты.    
Отан Қорғаушылар күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аталып өтілді. Университет ректоры Х. Валиев барша жиналған  қауымды келген мерекелермен құттықтап, генерал-майор М. Дәуеновке құттықтау сөз кезегін берді.  Михаил Юсупович мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдіріп, мерекенің маңызына тоқталды. Университет басшысы әскери кафедраның үздік оқытушыларына алғыс хаттарды табыс етіп, мереке әскери кафедраның арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Әскери кафедраның студенттері гитарамен ән шырқап, би билеп, мәнерлеп өлең де оқыды. Сонымен қатар, сахналық көріністерді де көрсетті. «Біз үшін бұл мереке ерекше. Әскери кафедраның студенттері осы күнді асыға күтіп, концерттік нөмірлерді дайындады. Біздің тілегіміз бір. Елімізде бейбітшілік болсын», - деді әскери кафедраның басшысы. Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар естелікке фотосуретке түсті.  
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасы аясында тарихи әдістемелік мәселелерді зерттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел философия кафедрасының мүшелерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  философтары мен тарихшылары, Челябі мемлекеттік университетінің қоғамтанушылары, ҚР ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері және студенттер қатысты. Жиын барысында тарихи танымдағы тарих әдістемесінің рөлімен түсініктемесі, тарихи шындықты зерттеудегі К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасының орны жайлы өте қызықты ой-пікірлер айтылып, көптеген сұрақтар талқыланды. Іс-шараның модераторы, профессор С.А. Қолдыбаевтың айтуы бойынша, осындай кездесулер қазіргі қоғам үшін өте пайдалы.  Студенттердің кездесу барысында көтерілген сұрақтарға деген қызығушылығы ерекше болды. Дөңгелек үстел материалдары бойынша электрондық жинағының басылымы жоспарлануда. Электрондық жинаққа материалдар мамырдың 1-не дейін қабылданатынын ескертеміз. 
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Шетел филология кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» атты фотоколлаж сайысын өткізді. Кафедраның барлық студенттері шығармашылық белсенділік танытып, туған жердің әсемділігі мен ерекшелігін көрсетуге тырысты. Әділ қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаздарға мадақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарды табыс етті. Сайыс жұмыстарын ҚМУ-дың (бас ғимарат) бірінші қабатында көруге болады (110 дәрісхана).
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің апталық жұмыстары аясында «Тіл және әдебиет теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет саңлақтары» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа Қостанай қаласының №9, 10, 20, 115 және С.Мәуленов атындағы гимназия мектептерінің  10-11 сынып оқушылары қатысты.  Сайыс барысында қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, қазақ тілі мен әдебиет бойынша сұрақтар қамтылды. Сайыс үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – «Бәйге». Ол кезеңде әр топқа 15 сұрақ қойылды. Екінші кезең – «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде әр топ ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп отырды. Үшінші кезең – «Көркем әдебиет әлемінде». Үшінші кезең бойынша әр топқа екі көркем шығармадан үзінді оқылып, олар шығарманың авторы мен атауын анықтап берді. Сайыс соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді.   
1 2 3