Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Жаһандану жағдайында Қазақстандағы тілдік білім беру жүйесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми форум өтті

2017 жылдың 27-ші сәуірінде ҚМУ-дың мәжіліс залында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Жаһандану жағдайында Қазақстандағы тілдік білім беру жүйесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми форум өтті. Шараның негізгі мақсаты: Қазақстанда көптілді оқыту шеңберінде тілдік білім беру саласында туындаған мәселелерді практикалық жолмен шешу және талқылау.

Халықаралық ғылыми форумға шетел ғалымдары, жоо, колледж, мектеп оқытушылары, қоғам қайраткерлері және білім беру басқармасының өкілдері қатысты.

Форум барысында қозғалған тақырып бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, форумның шеңберінде дөңгелек үстел, шеберлік-сабақтар және «Аудармашының эткасы» тақырыбында семинар өтті.


PDF