Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Президентінің мерекелік медалі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биологиялық факультетінің деканы Калимов Ниязбек Ерханұлы және машина, трактор, автомобиль кафедрасының меңгерушісі Кушнир Валентина Геннадьевна Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

ҚМУ ректоры Хусаин Хасенұлы Валиев мерекелік іс-шарада Ниязбек Ерханұлына және Валентина Геннадьевнаға медальдарды тапсырып, оларға шығармашылық табыс тілеп, мемлекет, халық игілігі үшін аянбай қызмет жасап жүргендері үшін шексіз алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі берілді.


PDF