Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапармен ҚМУ-ға келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – А.Қ. Нұркина, А.А. Құрманова, С.Ф. Бычкова жұмыс сапармен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне келді. Сапардың негізгі мақсаты: 2017 жылдың 25-ші қаңтарында шыққан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Конституция мен заңдарға өзгерістер еңгізу туралы Үндеуін және 31-ші қаңтар күні шыққан Қазақстан Халқына Жолдауын ЖОО ұжымына түсіндіру іс-шараларын өткізу болды.

Өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарына биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығының жаңғырту және бизнес-ортаны кеңейту мәселелеріне аударды.

Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арнасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық реформалары туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова әңгімеледі.

Кездесу барысында депутаттар университет ұжымының көптеген сұрақтарына жауап берді.


PDF