Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ҚМУ-ға жұмыс сапарымен келді

2017 жылдың 9-қаңтарында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аронова Ирина Петровна және Жумадильдаева Наталья Васильевна келді. Іс-сапардың негізгі мақсаты мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында сатып алынған  ҚМУ-дың төрт зертханасымен танысу болды. Депутаттар ең алдымен 2016 жылы  жаңа құрылған инновациялық инжиниринг және өсімдік шикізатынан жасалатын өнімдерді талдау зертханалардың жұмысымен танысты. Содан кейін, олар 2015 жылы құрылған азық-түлік өнімдерін өңдіру және машина жасау зертханалардың жұмысымен танысты.       

«Біздің университетке екі жылдың ішінде ұлттық қордан 380 миллион теңге бөлінді. Қаражат 100 % толығымен игерілді.  Біз депутаттарға А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ 2016 жылдың 30 желтоқсанында  азық-түлік өнімдерін өндіру зертханасын тіркеу жөнінде  ресми түрде өтініш бергеніміз туралы ақпарат ұсындық. Зертхананы тіркеу туралы куәлікті 2017 оқу жылында алуға үміт білдіреміз. Бұл ауыл шаруашылық тауар өнімдерін өндірушілерге ақылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін ғана, аталған зертхана: оқу, зерттеу және өндірістік бағыттар бойынша жұмыс жасайтын болады» - деді, ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Б. Жарлығасов.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Петровна және Наталья Васильевна машина жасау мен тамақ өнімдерін өндіру бойынша мамандарды дайындау үшін қажетті жабдықтарды сатып алып, ҚМУ ұжымы қойылған мақсаттарды толығымен орындағанын айтты. Қонақтарды әсіресе инновациялық инжиниринг зертханасында ұсынылған роботты техника және мехатроникамен байланысты құрылғылар ерекше қуантты. Онда кез келген адаммен еркін түрде сөйлесе алатын роботтар бар.

Кездесу соңында депутаттар ЖОО ұжымына шығармашылық табыс тілеп өз ризашылықтарын білдірді. 

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина


PDF