Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Облыстық «Студенттік көктем – 2017» фестивалі мәреге жетті

Облыс орталығы Қостанай қаласында дәстүрлі «Студенттік көктем-2017» XXIII фестивалі мамыр айының 17-сі мен 19-ы аралығында өтті. Іс-шараға өңірдегі сегіз жоғары оқу орнынан дарынды, өнерлі студенттері қатысты.

Үш күн бойы фестивальге катысушы студенттер футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі сияқты спорттық жарыстарда бақ сынады. Өнерлі жастар вокал, хореография байқауларына қатысты. Фестивальдің бағдарламасында «Ханзада мен Ханшайым» сұлулық байқауы, КВН, «Мега-мозг» интеллектуалдық ойыны, дебат турнирі, экшн-ойындары да болды. Біздің студенттеріміз белсенділік танытып, 1, 2, 3 орындарға ие болды.

Мараппатау рәсімі ҚМУ-дың алдыңғы алаңында өтті. Облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін, номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жобаның бас жүлдесін екі жоо иеленді: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М. Дулатов атындағы ҚИнНЭУ.

Салтанатты марапаттау рәсімінде дәстүрлі іс-шараның келесі жылғы ұйымдастырушысы Ахаң атындағы ҚМУ болатыны анықталады.

Фото


PDF