Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-дың ғылыми-инновациялық орталығы аккредиттелді

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық орталығында МЕМСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген тағам өнімдерін өндіру сынақ зертханасы жұмыс істейді (аккредитация аттестаты 27.10.17 жылдан № KZ.Т11.1949).

Аккредитация саласы:

-  ауыл шаруашылығы малдарын ДНҚ-құжаттандыру;

-  азық өнімдерінде ГМК-ді анықтау;

-  тағамдық шикізат және азық өнімдерінде антибиотиктердің қалдық мөлшерін және гормондық өсу стимуляторларын анықтау.

Университет басшылығы студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді халықаралық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтумен құттықтап, жемісті жұмыс тілейді.


PDF