Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-ға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді

2017 жылдың 8-ші ақпанында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С.Ш. Бектұрғановпен және Ж.М. Нұрғалиевпен кездесу өтті. Депутаттар жақында шыққан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Конституция мен заңдарға өзгерістер еңгізу туралы Үндеуін және Қазақстан Халқына Жолдауын кездесу қатысушыларына түсіндіру іс-шараларын өткізді. Кездесуге университет ұжымы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Халық қалаулылары өз баяндамаларынан кейін, қатысушыларға кез келген тақырыпта сұрақ қоюға мүмкіндік берді. Жұмыс барысында депутат С.Ш. Бектұрғанов реформалардың мәнін барынша ашық түсіндіріп, ұсыныстарды ауызша және жазбаша түрде қабылдайтынын айтты.

Басқосу жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар университет ұжымына алғыстарын білдіріп, жұмыста сәттілік тіледі.


PDF