Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттері Алик Шпекбаевпен кездесті

Мамыр айының 24-ті күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Алик Шпекбаев Қостанай облысының жоғары оқу орындарының ректорларымен және студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықты алдын алу мәселелері талқыланды.

ҚМУ ректорының кеңесшісі, генерал-майор Михаил Дәуенов студенттерге сыбайлас жемқорлықты алдын алу әдістері туралы ақпарат беріп, құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда дер кезінде тиісті органдарға хабарлауды өтінді.

Студенттер кездесуге шақырылған мамандарға сұрақтарын қойды, баяндама оқыды, өз ойларымен бөлісті.


PDF