Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқу орыны туралы мәлімет

 

 

 

А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ БҰЛ:

 

Солтүстік Қазақстанда аймағындағы арқаулы білім беру мекемесі, аумақтағы ғылыми және мәдени орталық әрі мемлекеттік мәртебедегі жоғарғы оқу орынының көп жылдық дәстүріне қаныққан биік дәрежедегі сапалы білім алудың кепілі;

 

 

Еңбек нарығында сұранысы кең 34 бакалавриат, 21 магистратура және 4 PhD докторантура мамандықтардың қатары, қашықтықтан оқыту мүмкіндігі; 

 

 

Қазіргі заманауи білім беру технологияларымен қатар студенттерге болашақ жұмыс орнының ерекшелігіне бағытталған өзінің жеке оқу бағдарламасын әзірлеудің, ең үздік оқытушыларды таңдаудың, қазіргі заманауи жабдықтарды қолданудың, өндірістік ортада оқудың, бизнес-жобаларды әзірлеуді үйренудің  мүмкіндіктері;

 

 

Кәсіпорындарда, өндіріс мекемелеріндегі кафедра филиалдарында тұрақты ұйымдастырылатын практикаға бағытталған оқыту жүйесі; 

 

  

 

Қамқоршылар кеңесі мен жұмыс берушілердің өздеріне қажет мамандары дайындау үшін оқу жоспары мен оқу үрдісін ұйымдастыруға тікелей қатысуы;

 

 

 

Еуропалық білім беру кеңістігіндегі тығыз интеграция – академиялық ұтқырлық аясында, халықаралық жобалар мен студент алмасу бағдарламалары «Темпус», «DAAD» және басқалар арқылы студенттер қазақстандық және шетелдік ЖОО-да оқу және тәжірибе алуға болады. Италия, Германия, Финляндия, Австрия, Испания, Польша, Чехия Республикасының белгілі университеттері А.Байтұрсынов КМУ-дың серіктестері болып табылады;

 

 

 

Білімденушілердің жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастырумен қатар жеке тұлғалық, азаматтық болмыс-бітімін, даралық қадыр-қасиетін, әлеуметтік хал-ахуалына жан-жақты қолдау көрсету:

 

 

 

 

Спортты дамыту, ғылыми және шығармашылықпен айналысу мүмкіндіктері - университетте студенттерінің жеке қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Спорттық секциялар, студенттік «Өнер» студиясы (вокал, музыка, хореография және поэзия мен импровизация), КВН және оның көшбасшысы - «13 район» командасы, «Ахмет ұрпақтары» дебат клубы және тағы басқалар.

 

 

 


PDF