Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттеріне берілетін гранттар, жеңілдіктер және стипендиялар

Құрметті талапкерлер

 

Мемлекеттік оқу грантын алмағандарға не істеу керек 

 

Біз сіздерге ЖОО-на түсер алдында және оқу барысында неге көңіл аудару керектігін айтамыз, өйткені кейде грант немесе стипендия алу мүмкіндігі оқу барысында пайда болады.

Біздің университет «Сенің жетістікке сапарың!» гранттар мен стипендиялар пакетін ұсына отырып білім алуды қол жетімді етеді. Мемлекеттік гранттан басқа, ҚМУ-да «Үміт», «Мәдениет», «Тіл дамыту» ректордың гранттары және акдемик К.Сагадиев атындағы білім алу гранттарымен тегін оқуға болады, дәл осылай мекемелердің есебінен және облыс, қала, аудан әкімдерінің гаранттарымен оқуға болады. Ақшалай оқып жүрген үздік студенттер университет конкурсына қатысып,  мемлекеттік грант немесе оқу ақысына 100%-дық  жеңілдік ала алады, және де Президенттің степендиясын немесе А.Иманов, А.Байтұрсынов, К.Скрябин атындағы стипендияларды ала алады.

ЖОО-ның барлық студент жастарына әлеуметтік қолдау көрсету үшін университет жыл сайын бір бағытта саясат жүргізеді. ЖОО-ның әлеуметтік саясатының маңызы оқу грантын немесе оқу ақысын төлеуге льгот беру жолымен дарынды жастарға жеңілдік беру системасы. 

 

 

Мен оқу грантын ала алмадым.  Оны оқу барысында алу мүмкіншілігі барма екен?

 

Сіз мемлекеттік оқу грантын алуыңыз мүмкін, егер ол оқу барысында босаған болса.

Вакантты оқу гранттары пайда болады, егер гранттағы студент белгілі бір себептер ге байланысты  ЖОО-нан шығып кетсе. Босаған оқу гранты ақылы оқу бөліміндегі студенттер арасындағы конкурс бойынша беріледі. Вакантты оқу грантының конкурсы жылына екі рет өтеді: қысқы сессиядан кейін және жазғы сессиядан кейін.

Вакантты оқу грантыны мүмкіндік алу үшін жақсы оқу керек. Вакантты гранттар конкурс жүзінде  берілетін болғандықтан мынадай грантқа қол жеткізу тек үздік студенттерде болады.

 

 

 

 

Студенттерге жоғары білім алу гранттарын беретін организациялар, қоғамдық қорлар барма?

 

Қазақстанда әр түрлі организациялар мен қорлар жоғарғы оқу орындарына стипендиялар беріп жатыр. Мысалы:«БОТА» қоры оқу грантының  бағдарламасын жүзеге асырады, Е.Татишев қоры әр түрлі катигориядағы жастарға оқу гранттарының  бағдарламасын жүзеге асырады, KAZENERGY ЖОО-ны студенттеріне гранттар береді.

Университет студенттеріні бір тобы «БОТА» қорының оқу гранты бағдарламасымен білім алып жатыр.«БОТА» қорының грантының үміткерлеріне басты талаптар – жақсы үлгерім, нашар отбасынан болу.

Өнерлі, ата-аналары жоқ, отбасы жағдайы төмен мемлекеттік грантты, акімнің грантын, спонсорлардың грантын ала алмаған студенттер Сара Алпысқызының «Бөбек» қайрымдылық қорының грантын ала алады.

 

 

Дарынды балаларға Қостанай мемлекеттік университеті мынадай гранттар бөледі

 

Оқу орнының гранты – ҚМУ-ға ақылы оқуға тускен студенттерге берілетін 100%- дық жеңілдік:

 

  • Ректордың «Үміт» гранты – толық білім алу жүйесіндегі «Алтын белгі» алған студенттерге қарастырылған.
  • Ректордың «Мәдениет» гранты – халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық сайыстардан жүлдеді орын алған, білім және спорт саласында белгілі жетістіктері бар студенттер үшін қарастырылған.
  • Ректордың «Тіл дамыту» гранты – қазақша бөлімге толық білім алуға түскен басқа ұлт өкілдеріне қарастырылған.
  • Академик Кенжегали Сагадиев атындағы грант – толық білім алу жүйесіндегі, Торғай өңірінде мектеп аяқтап оқуда, спорт саласында өнерден көптеген жетістіктері бар студенттерге арналған.

 

 

Университет льготтары

 

 

  • Бір семестр оқу ақысына байланысты 100%-дық жеңілдік – семестр қорытындысына байланысты жоғары балл GPA (4.0) жинаған, толық оқу жүйесіндегі студенттерге арналаған.
  • Оқу ақысына байланысты 50% жеңілдік және жатаханадан тегін орын - ата-анасы жоқ және міндетті түрде университет студентіне беріледі (жетімдер үйінен немесе интернатта тәрбие алған).
  • Оқу ақысына байланысты 25%, 50%, 100% жеңілдіктер- студенттің барлық спорт, өнер, республикалық, халықаралық дәрежедегі жетістіктерніне қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

Стипендиялар

 

Жыл сайын ҚМУ студенттернің 15 Президент стипендияна ие болады, тағыда үшеуі А.Байтурсынов, А.Иманов және К. Скрябин атындағы стипендияларға ие болады.

Сонымен қатар студенттер қала әкімінің, аудан әкімдерінің басқада ұжым қорлардың стипендияна ие бола алады.

 

 Жатаханада тұру жеңілдіктері

 

Студенттің оқуға түскен бірінші күнінен бастап студенттің Жатаханадан (Студенттер үйі) орын алуға мүмкіндігі бар. Жатахана ішінде демалатын бөлмелер, кір жуатын, үтіктейтін бөлме, интернет кабинеттер, әр қабатта кір жуғыш машинналар орнатылған. Осылайша студенттерге жатаханада тұру қолайлылығы жасалаған.

Бүгінге дейінгі жатаханаға айлық төлем ақысы 2000 теңге. Ата-аналары жоқ студенттер жатаханада тегін тұрады.

 

Оқу ақысын төлеуге қаражат керек пе?

 

 

Қазақстанның оқу орындарында оқу ақысын төлеуге арналған ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен Студенттік білім беру кредиті.

 

Студенттік білім беру кредитін білім берудің барлық түрлері, соның ішінде магистратура бойынша Қазақстанның ЖОО-лардағы білім алушылармен қатар талапкерлер де ала алады.

 

Артықшылықтары:

  • кредит студенттің/талапкердің атына рәсімделеді;
  • оқытудың барлық деңгейлері үшін қарастырылған: колледждер, бакалавриат, магистратура, докторантура;
  • оқудың барлық түріне ыңгайлы: күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу бөлімдері;
  • кредиттің берілу мерзімі 12 жылға дейін;
  • несиені өтеуді кейінге қалдыру, негізгі қарыз сомасы студент оқу барысында және оқу орнын бітіргеннен кейін 6 айдан соң өтеледі;
  • кепілзатсыз;
  • кредиттің сомасы тек оқыту құнымен шектеледі;
  • несие қажеттілігіне қарай әрбір семестр/жыл сайын оқу орнының есеп айырысу шотына аударылады;
  • несие серіктес банктермен беріледі, Қазақстанның ірі қалаларында рәсімдеуге болады;
  • «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен.

 

Толығырақ мұнда танысуға болады.


PDF