Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Гранттар, жеңілдіктер, стипендиялар

ЖОО−нында оқыту мемлекеттік білім беру гранты негізінде және студенттің, ата−анасының немесе басқа да мүдделі ұйымдардың  қаражатынан төленетін ақылы негізде жүргізіледі.

 

Мемлекеттік білім беруге тапсырыс бойынша оқу ақысының құнын  ағымдағы оқу жылына Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңына сәйкес ақылы түрдегі оқу ақысының құны мемлекеттік білім беру грантының құнынан төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар университетің өз қаражаты негізінде немесе шаруашылыққа жұмсалатын шығындарды қысқарту негізінде оқу орны  білім беру грантын бөлуі немесе оқу ақысына жеңілдіктер жасауы мүмкін.

 

ҚМУ−дың мамандықтарына берілетін мемлекеттік білім беру гранттары, оқу ақысының құны, оқу орнының білім беру гранттары, жеңілдіктер және стипендиялар туралы ақпаратты осы жерден алуға болады. 

 


 

 


PDF