Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тропикалық энтомофауна кколлекциясы

138 түрлі шыбын-шіркейлер кіретін тропикалық энтомафауна коллекциясы мұражай келушілерінің арасында ерекше ықыласқа бөленген. Олардың ішінде әлемнің 16 бұрышынан жиналған 28 қабыршақ қанаттылар түрі бар: Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу, Кения, Индия, Малайзия, Тайланд, Индонезия, аралдар– Мадагаскар, Сумбава, Тайвань, Филиппиндық, Калмагер, Целебес, Ява.  Әлдеқандай бейтаныс бояулармен көбелектің әсем қанаттарына сурет сала, табиғат бізге өзінің бейнешілдігін көрсетті. Бояулар мен пішіндердің көркемділігімен сүйсіну эстетикалық сезімді шиеленістіріп  және дамытады.

 

Әлем көбелектерінің жиынтығы

 

Әртүрлі пішінді және түстілігімен ,ұшу көркемділігімен ,өзіндік ертегі іспетті сұлулығымен таңқалдыратын бұлардан басқа тірі заттарды айту қиын шығар. Олардың қанаттарын табиғат ең жіңіке қылқаламмен салған. Ерте грек тілінде   «психе» сөзімен  жанды және көбелектерді бір сөзбен айтқан.  Ертедегі гректер мен бірінші христиандар көбелекті жан тапсырған денеден шыккан және сол дененің айналасында ұшып журетін символ ретінде көрген.

 

Мұражайдағы тропикалық түрлердің барлығы дерлік қолмен ұсталмаған, көптеген бөлігі айырбастау арқылы немесе сатып алу арқылы алынған. Мұражай қызметкерлерін энтомолог-мамандар ретінде шақырылған «Порхающие цветы» көрмесінен соңғы көбелектің кейбір түрлері акелінген.Бұл Қазақстан-Израил жобасы Алматы қаласының халықаралық көбелектер үйінің ұйымдастыруымен  Қостанайда өткізілді. Кейбір түрлердің сипаттамаларын төменде оқыныз.

 

Urania ripheus, немесе мадагаскарлық урания (Urania madagasсariensis Les.) – ең сұлу көбелектердің бірі, Мадагаскардың  эндемигі. Қанаттының алымы  80 мм. Қабыршақ қанаттылар түрінің ең ашық және әдемі , сирек кездесетін  көбелегі. Оның қанаттарында кепірқосақтың барлық түстері бар, тіпті ақ пен қара да. Басқада көбелектердің қанаттарындағы суреттерге қарағанда оныкі симметриялық емес. Шыбын-шіркейдің артқы қанаттарының пішіндері ерекше: оларды әр талшығы әртүрлі құйрықтарының көлемімен аяқталады. Урания – таза және биік махаббаттың  кейіпі ретінде,маххабат құдайы Афродитатың бір атауы.

 


Urania ripheus


Брамеи көбелек тұқымдастарының Brahmaeidae небарі он екі түрінің бірін ғана алады. Қанаттарындағы суреттер   негізінен ақ және қара қоңырлы толқынды қатармен құйрығын қия жабады. Христофтың брамеясы Brahmaea christophi Stgr. Азербайджанда және  Иранда  көптеп кездеседі. Қанатының алымы 160 мм. 30 миллион жыл өмір сүретін эндемичты реликтік түрі. Субтропикалық реликті ормандардың ылғалды жағалауларында кездеседі.  Табиғатты сирек безендіретін түр. Қанаттарының түстері әртүрлі қоңыр түстес болып келеді. Олардың жіңішке толқынның ақшыл және қара қоңыр түсті жіптері , қатармен , сиқырлы кестені жасап, назарыңды алады. Атақты көбелектердің қанаттарындағы күрделі суреттердің бірі болып табылады. 

 

Brahmaea christophi


 

Желкенші немесе Papilionidae иегерлері– Жер шарының ең тамаша бірегей күндізгі көбелегі. Оларды ұстау қиын, себебі олар  өте абайшыл  және  ұшуға бейім болып келеді.  Papilio peranthus adamantius – қанатының алымы 120 мм, бұл көбелектер түрінде артқы және алдынғы қанаттарындағы сызықтары сәулелі және көгілдір жарқырақ жолақтарымен араласқан жылтыраған көк-жасыл түсті қара қоңыр күліңгір реңдегі классикалық пішіндегі кең қанаттарымен таңқалдырады.

 

Papilio peranthus


Trogonoptera brookiana көбелегі–құсқанатты Брукада Желкенділер (Papilionidae) тұқымдастығына жатады. Қанатының алымы 150 мм. Алдынғы қанаттары артқы қанаттарына қарағанда едәуір ұзартылған, екпінді пішінді болып келеді, ол көбелектің өте тез ұшатындығын айқындайды. Еркек көбелектің алдынға қанаттарының әсемделген  мақпалды-қара ашық жасыл түсті тісті бедерілері артқы қанаттарына қарай ауысады. Жәндіктің басында ашық мерекені еске салатындай қара-қызыл түкті жағасы бар.


Trogonoptera brookiana


Көбелектер жиынтығы өзіндік ашықтығын, әсемділігін жылдар бойы жоғалтпай келеді. Орнитоптер немесе  құсқанатты  Брука тек қана  Малайзия мен  Индонезияда ғана кездеседі.

 

Hamadryas arinome Nymphalidae нимфалид тұқымдастығына жатады. Қанатының алымы 70 мм. Гамадриас тегінің көбелектері Мексиканыңтропикалық ормандарынан бастап Аргентинаның, Парагвайдың және Уругвайдың солтүстік аймақтарында мекендейді.  Алдыңғы қанатары қосымша ақ жолақтармен,ашық-көк қанаттары жылтырақ көгілдір нүктелер мен дақшалармен әсемделген.

 


Hamadryas arinome


Гамадриас тегінің көбелектерінің көп бөлігі өте ерекше сипаттамалармен ерекшеленеді. 1830 жылы Бразилияда  Чарльз Дарвин ұщу уақытында олар нендей бір дыбыс шығаратынын анықтады. Олармен Амазонияның сельвенасында кездесуде болып жатқандардың шындыққа жанаспайтындай сезімде болды: осыншама жеңіл әрі нәзік тірі заттың қанаттының қағуы өте шулы ,айқын тықылды дыбыс шығаратынына сену қиын.

 

Сұлулығымен еліктіретін көбелектер жиынтығынан кейін өте құнды экзотикалық қарақұрт қоңыздар жиынтығы тұрады. Жер шарының бес континентін мекендейтін тропикалық үлкен қоңыздар мұражайға келушілердің ыстық ықыласы мен қорқынышына бөленген. Коллекция әлемнің 30 елінен  113 түрін өзіне кіргізеді: Солтүстік Америка – АҚШ, Мексика, Гондурас, Панама; Оңтүстік Америка – Венесуэла, Колумбия,Эквадор , Бразилия , Парагвай, Аргентина; Африка – Гана, Гвения, Камерун, Конго, Кот-Д'Ивуар, Нигер, Сомали, Танзания, Уганда, Орталық Африка республикасы, Оңтүстік-Батыс Африка, Оңтүстік Африка республикасы, Мадагаскар; Азия – Вьетнам, Үндістан, Корея, Жапония, Тайван және Ява аралдары; Австралия.

 


Экзотические пластинчатоусые жуки


Бірде-бір тұқымдастарда қарамұртты қоңыздардағыдай жыныстарының арасында көптеген айырмашылықтар жоқ: олардың еркектері пішіндерінің үлкендігімен ,  басындағы өсінділері және мойынындағы мүйіз түріндегі дәржанақтарымен,атжалдарымен, тісті күй табақтарымен ереекшеленеді. Олардың сан түрлі бояулы денесі ерекше таңқалдырады.

 

Көң қоңыздары барлық дерлік жерде табылсада, мынадай сұлуды тек тропикада ғана көруге болады.Әркез басында ұзын мүйізі бар (еркектерінде) кемпірқосақ қоңыз деген атымен әйгілі өте көркем Phanaeus vindex, қоңызы.Олардың  дюймадан ұзынға өсуі мүмкін (2,5см), қанаттарынынң үсті жасыл жылтыр металмен, алдыңғы арқасы кемпірқосақтың мыс түсімен көмкерілген. Қоңыздар өзіндік сұлулығынан басқа маңызды жұмыс атқарады, олар өсімдіккке пайдалы заттарды топырақтан өндіру үшін маңызы зор.




 


       

Мұражай жиынтығында ерекше Солтүстік Американың жүзім ағашының жапырақтарымен қоректенетін  Pelidnota punctataқоңызы бар. Бірақ олардың дәрнәсілдері томарлардың шірінділерінде тұрады және де жүзімге зиян келтірмейді.

Бұл қоңыз 1937 жылы 7 тамызда ұсталды. Бұндай «ұзақөмірсүретіндер» жиынтықта аз емес. Эспанаттардың сынғыштығына қарамастан, егер де оларды дұрыстап сақтаса ,өте көпуақыт сақталынады. 

 

 

 Allomyrina dichotomus  L. – әлемнің керікті-қоңыздарының ең әдемі түр іболып табылады. Бұл қоңыздар Жапония мен Қытайда оларды қолда өсірушілер бар. Олардың өмір сүру ареалы – Оңтүстік-Шығыс Азияда, Субтропикалық және тропикалық ормандарда болып келеді. Қоңыздар күндіз ағаштардың қабыршағының астында , ал кеш түсе шығып қорегін іздей бастайды. Ағаштардың шырыны мен жемісі қоңыздардың негізгі қорегі болып табылады, ал дәрнәсілдері ескі ағаштарда өмір сүреді және де ағаштың шірінділерімен қоректенеді.

 

 

  


PDF